11:31
Жетістіктің жүз қадамы

70-ҚАДАМ: ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫН ПАЙДАЛАҢ

Әлеуметтік желілер қазір біздің өміріміздің бір бөлігіне айналды. Күніне әлеуметтік желіде 2-3 сағат  немесе 4-5 сағат немесе 6-7 сағат біре боламыз. Тіпті бізге ең жақын нәрсеге айналды.

Әлеуметтік желіде босқа пайдасын бермейтін нәрселерді қарап уақыт өткізгенше, оны өзімізге пайдалы қылып пайдалана аламыз ба?

Қазір Инстаграмда біздің ел бойынша 7 миллионнан астам кіреді екен. Бұл дегеніміз халықтың көпшілігі, Инстаграм желісін пайдаланатынын дәлелі. Осындай мол ресурс отырғанда оны пайдаңа, пайдалану жолдары жетерлік. Тек тетігін таба білсеңіз болғаны.

21-ғасыр білім ғасыры және интернет ғасыры деп айтсақ, қате болмас. Қазір әлемде интернет қолданушылардың саны миллиардтан асып түсті. Оның ішінде әлеуметтік желіліердің белсенділігі артуда. Алып әлеуметтік желілер әлемге таралғанының арқасында көптеген нәрселерге мүмкіншілік артты.

Ел халқының 40 пайызға жуығы Инстаграмдды қолданады. Осы желілер арқылы сіздің қызметіңізді көптеген адамдарға көрсетуге болатыны анық.

Егер сізде шығармашылық қасиеттерініңіз болса, оны әлеуметтік желіге күнде бөліп, әрлеп салып тұруыңызға болады. Бұл сізді танымал етуі мүмкін және кәсіпке, табыс көзіне айналдыруға мүмкіндігіңіз болмақ. Осыған байланысты заманауи бір мақал бар: «Бұрындары сенің қандай екеніңді досыңнан білетін еді, қазір сенің қандай екеніңді Инстаграмыңнан білетін болды». Бұл мақалдың адамға ой салатыны анық. Қазір сені жұртшылық әлеуметтік желі арқылы да таниды. Сіздің әлеуметтік желіңіз жақсы әрленен, жақсы суреттер, жақсы посттар болса, онда сізді сол әлеуметтік желіңіздегідей сапалы көреді. Қазір бұл дәлелденген факт.

Әлеуметтік желіні босқа пайдаланбай, бойыңызда бар шығармашылықты, қасиетті, қабілетті сыртқа шығару арқылы өзіңізді танымал еткіңіз немесе табыс көзіне апаратын жолға түсірңіз.

«Өмір бір-ақ рет беріледі. Сондықтан неге оны пайдалы қылып өткізбеске?»

Джек Лондон    

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 239 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: