11:29
Уақытыңды басқар

НАМАЗ УАҚЫТТАРЫ НЕНІ БІЛДІРЕДІ?

Күнделікті бес уақыт намаздың әрбірінің уақыты өте маңызды жаңарудың бастауы болғаны іспеттес, Алланың ұлы билігінің айнасы. Сол билікке мойынсұнған күйде адамдардың баршасы белгілі бір уақыттарда әдеттегіден көбірек тәсбих айтып, тағзым етіп, шүкіршілігін білдірулері әмір етілген.

Апталық сағат бар деп елестетсек, оның секунд, минут, сағат және күндерді көрсететін тілдері бір-бірімен байланысты болатын болса, дәл солай Алла Тағаланың үлкен сағаты іспеттес бұл дүниенің секунды үкімінде болған түн менен күндіз, минуттары секілденген жылдар, сағаттарын сырғытқан адам өмірінің кезеңдері және күндерді санаған әлімнің өмірі – барлығы бір-бірімен етене байланысты болып келеді.

Бес уақыт намаздың уақыты да солй:

Таң намазының уақыты. Бейне бір көктем дерсің. Сондай-ақ адамның ана құрсағына түскен сәтін және алты күнде жаратылған Жер мен Көктің жаратылыс кезеңінің алғашқы күнін еске түсіреді. Осы кезеңдерде Алланың атқарған істерін еске салады.

Бесін намазының уақыты. Жаз ортасына және жастық шаққа әрі адамның дүниедегі жаратылу кезеңіне ұқсайды. Ондағы мейірімі кең Алланың шексіз жақсылығын әрі ырысының молдығын еске салады.

Екінті намазының уақыты. Күз мезгілі тәрізді әрі кәрілік шаққа және ақырзаман пайғамбары Мұхамедтің (с.а.с.) дәуіріндегі бақытты ғасырға ұқсайды. Алланың сол кезеңдердегі істері мен жарылқауларын еске түсіреді.

Ақшам намазының уақыты. Күз мезгілінің аяқ шеніндегі көптеген мақұлықтардың көзден таса болуын, сондай-ақ адамның қайтыс болатынын әрі қиямет орнап, дүниенің қирайтынын еске салып, Алланың құдіретінің асқан алыптығы аңғартып, адамзатты бейқамдық ұйқысынан оятып, қатаң ескерту жасайды.

Құптан намазының уақыты. Түнгі әлем, күндіз көзге көрінген зат атаулының жаппай қара кебінге оранғанын, һәм қыс мезгілінің өліп қалға жер бетін өзінің ақ кебініне ораған сәтін, һәм өлген адамның қалдырған ізінің де бірте-бірте көмескіленіп, өшіріліп қалатынын, әрі сынақ алаңы болған дүниенің тамадалуын ескерте отырып, Алланың өте жойқын билігінен хабар береді. Түн қыс мезгілін және қабір мен бәрзәх әлемін білдіріп, адамзат рухының Рахманның мейіріміне қаншалықты мұқтаж екенін пенденің есіне салады.

Түн ортасындағы тәһәжжуд намазы бәрзәх әлемінде қараңғы қабірдің ішінде жарық сәуле беретін бірден-бір құлшылық екендігін білдіріп, ескерту жасайды. Сондай-ақ осы аталған барлық кезеңдердегі Алланың шексіз ырысын ойға сала отырып, Оның мадақтауға қаншалықты лайық екендігін жарияладйы.

Ал келесі тағңғы уақыт хашыр таңын, яғни қайта тірілуді еске салады. Таңның бозарып атуы мен қыстың аяқталып, көктемнің келуі қаншалықты қажет әрі өте анық болса, хашыр таңының атуы мен бәрзәх көктемінің келуі де дәл сондай күмәнсіз.

Демек, бес уақыттың қай-қайсысы болмасын, маңызды кезеңдердің бастамасы әрі ірі өзгерістерді еске салатыны сияқты, Алланың құдіретінің бір жылда, бір ғасырда, бір дәуірде атқарған таңғажайып істерін, мейірімділігін, ұлылығының кереметтігін, баға жетпес сыйлықтарын көңілге ұялатады. Демек, адам баласының ең басты міндеті, егізгі құлшылығы әрі борышы болған парыз намаздардың осы уақыттарда оқылуы орынды әрі лайықты.

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 219 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: