ЖАРАТУШЫНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

Алла тағаланың сегіз сипатын Абай отыз сегізінші қара сөзінде былай деп атайды: «Алла тағаланың сипаттары: Хаят, Ғылым, Құдірет, Басар, Сәміғ, Ирада, Кәлам, Тәкин». Енді Абай жүйесімен Алла тағаланың осы сегіз сипатына жеке-жеке тоқталып, Оны түсінуге ұмтылайық.

6. ИРАДА (ТІЛЕК, МАҚСАТ, ҚАЛАУ). Алла тағаланың бұл сипатының маңызын Абай баса көрсетеді. Себебі Алла тағаланың барлық әрекеті осы сипатымен түсіндірілсе керек. Ол қалауы бойынша әрекет етеді. Оның қалауы болмаса әрекет те болмайды. Алла тағаланың қалауы бүкіл әрекеттердің себебі болып табылады. Біздің әрбір әрекетіміз де Алла тағаланың қалауы бойынша болып отыр. Оның қалауынсыз ешқандай да өмір болмақ емес, тіпті шөп басы да қимылдамайды.

А ... Читать дальше »

Просмотров: 629 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 17/02/2020 | Комментарии (10)

100 ТАҒЫЛЫМ

81. Әкең – асыл қазынаң, аға, інің – асқар тауың, ал досың – әрі асқар тауың, әрі асыл қазынаң.

82. Ханға жексұрын атансаң да, халыққа жексұрын атанба.

83. Ақылмен алтын табылар, алтынмен ақыл табылмас.

84. Адамның сөзі – ақылының таразысы.

85. Мұқтаждық – мың өнердің анасы.

86. Қанағат – әрі қазына, әрі қасиет.

87. Ақылды адам ажарлы. Адамды адам ететін – ақылы.

88. Досың мың болса – аз, дұшпаның біреу болса – көп. (А.Иүгінеки)

89. Батырдың көңілін қалдырма, жүйріктің арқасын алдырма.

90. Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішінде қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап (Абай).

91. Досыңа достық – қарыз іс,

Дұшпаныңа әділ бол.

Асығыс ... Читать дальше »

Просмотров: 346 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 17/02/2020 | Комментарии (1)

4-ҚАДАМ: ДҰРЫС ТАМАҚТАНА БІЛІҢІЗ

  • Мен сіздерге іштей және ашық түрде тамақты аз жеуді, аз ұйықтауды, аз сөйлеуді, күнәларыңнан арылуды, әрдайым нәпсіқұмарлықтан қашық жүруді, қиыншылық пен азапқа шыдауды, надандардан аулақ, ал әдепті және оқыған адамдармен дос болуды өсиет етемін. Өйткені нағыз адам – басқаларға пайдасы тиген адам. Сөздің жақсысы қысқа әрі мәнді болады, - дейді.
  • Мәулана Руми

Енді сіз таңғы жаттығуыңызды жасап, білім-ғылымға уақыт бөлгеннен кейін, тамақтану жүйесін реттеуіңіз керексіз. «Ас – адамның арқауы» дегендей тамақтану мәзірін реттеңіз. Ол үшін, ең алдымен, уақытылы тамақтану және зиянды тағам ... Читать дальше »

Просмотров: 328 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 17/02/2020 | Комментарии (0)

ЕМЕКСУ

  1. Үміттену, дәмелену, сену; 2) Сүйену, медет ету, медет тұту.

Мысалдар:

  1. Ел керексіп,

Сөзге емексіп,

Не болады мақтаның?

Пейілі шикі,

Ақылы күйкі,

Осы жұрт па тапқаның?

(Абай, Бай сейілді)

  1. Абай бұған да онша емексіген жоқ. «Қасиет деген сақтаса қасиет, былғаса, таптаса, тұнығын ылайлап қорласа немесе сындырса, ол қасиет қайда кетті, соны ойлау керек қой!»

(М.Әуезов, Абай жолы: 4 том)

3. Еркектер жағы аздау да, көбі қатын-қалаш, бала-шаға. «Мүмкін оларға тимес» деген әлсіз үміт емексітіп өтеді.

(Т.Ахтанов, Шырағың сөнбесін)

... Читать дальше »
Просмотров: 376 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 17/02/2020 | Комментарии (0)

АПШУ

  1. Қысқару, кішірею, жиырылу, ширау, тарылу; 2) (ауысп.) Шаршау, қажу, еңсесі түсу, тағаты біту.

Сөз тіркес: Апшысын қуыру – берекесін кетіру, маза бермеу.

Мысалдар:

  1. Онда бұл ішік кереметтей үлкен көрінетін, қазір апшып, кішірейіп кетіпті.

(Қ.Жұмаділов, Соңғы көш)

2. Сүмірейіп сұры қашып Қарқаралдың,

Апшытып өмір өңін мал мен жанның.

Әбжылан он алтыншы жылғы күндің,

Түрі осы ед ел күйзелген мұң мен зардың.

(С.Бегалин, Қарқаралы)

3. Ағайынды ренжіткен жәбірдің емес, аруақты апшытқан кесірдің тұсындағы анттың шарты сол.

(Ә.Кекілбаев, Үркер)

4. Оның бер жағында ертеректе Кіші және Үлкен Алматы өзенінің арнасымен төмен қарай топан су жиі ағып, елдің апшысын қуыратын қатер және бар еді.

(Д.Қонаев, Өтті дәурен о ... Читать дальше »

Просмотров: 336 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 17/02/2020 | Комментарии (0)

ӘРБІР ӨТКЕН СӘТТІҢ АҚЫРЕТТІК ЕСЕБІ

«Ей, адам баласы! Сен күндерден, яғни, уақыттан тұрасың. Бір күнің өткенде, сенің бір бөлігің сынып түскендей болады»

Хасан Басри

Уақытты жоспарлауды қалыптастырып, мұсылмандардың өмірлік әдетіне айналдыру үшін дініміз оның маңыздылығына назар аударып қана қоймаған. Сонымен қатар Құранда да, хадисте де адам өмірінің әрбір сәті есепке тартылатыны, өлшеп берілген өмір атты қазынаны қандай жолда, қалай жұмсағаны нақты айтылған.

Құранда адам баласының жаратылып, қалағанын істеуге еркіндікке жіберілмегенін, өмір бойы істеген әрбір амалын арнайы періштелердің жіпке тізгендей жазып отыратынын, тек іс-амалын ғана ... Читать дальше »

Просмотров: 360 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 17/02/2020 | Комментарии (0)

ҰСАҚ МОТОРИКАНЫ ДАМЫТУДЫҢ БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ

Қазіргі кезде «ұсақ моторика» деген тіркесті жиі естиміз. Сол ұсақ моторика дегеніміз не? Физиологиялық тұрғыдан айтқанда, ол қолдың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысы. Сонымен қатар «қол мен көздің» тепе-теңдігін де ұмытпауымыз керек, себебі қолдың ұсақ қозғалысы көз ... Читать дальше »

Просмотров: 339 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 17/02/2020 | Комментарии (0)