23:11
Білімдіден шыққан сөз

100 ТАҒЫЛЫМ

81. Әкең – асыл қазынаң, аға, інің – асқар тауың, ал досың – әрі асқар тауың, әрі асыл қазынаң.

82. Ханға жексұрын атансаң да, халыққа жексұрын атанба.

83. Ақылмен алтын табылар, алтынмен ақыл табылмас.

84. Адамның сөзі – ақылының таразысы.

85. Мұқтаждық – мың өнердің анасы.

86. Қанағат – әрі қазына, әрі қасиет.

87. Ақылды адам ажарлы. Адамды адам ететін – ақылы.

88. Досың мың болса – аз, дұшпаның біреу болса – көп. (А.Иүгінеки)

89. Батырдың көңілін қалдырма, жүйріктің арқасын алдырма.

90. Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішінде қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап (Абай).

91. Досыңа достық – қарыз іс,

Дұшпаныңа әділ бол.

Асығыс түбі – өкініш,

Ойланып алмақ – сабыр бол (Абай).

92. «Шапағатты ойға беріл, шапағатты сөзге беріл, шапағатты іске беріл» (Заратуштра пайғамбар).

93. Ілім үйреніп, одан соң оны басқаларға үйретпеу – мол дүние жиып, оның керегіне жаратпай, көміп қойғанмен бірдей (Мұхаммед пайғамбар с.ғ.с.).

94. Сыпайылық – даналықтың белгісі (Мұхаммед пайғамбар с.ғ.с.).

95. Адамға адал досты табу қиын,

Көбіне дос етеді мал мен бұйым.

Қасыңнан, досыңнан да бірдей сақтан,

Егерде болса Ахмет, баста миың (А.Байтұрсынов).

96. Егер әркім өз пиғылымен арамдық ойдан тазаратын болса, бүкіл ел ұры-қарыдан, зиянды әдеттен пәк болар еді (Шыңғыс хан).

97. Арақ-шараптан ақыл да, пайда да, абырой да, қайырымды мінез-құлық та, адамгершілік те күтпе! (Шыңғыс хан)

98. «... Сейіттерді, ғұлама – машайықтар мен ақылман даналарды, мұхадистер мен тарихшыларды жаратылысынан бөлек, дара адамдар есебінде сыйлап құрметтей білдім. Батыл адамдармен дос болдым, себебі, Алла тағаланың өзі де ержүректерді ұнатқан ғой. Адамдармен дидарласып, сұхбаттасып, таза ниет, ақ кісілерді жаныма жақын тұттым. Бұлардың пәк ниетімен берген ақ батасын алдым (Ақсақ Темір).

99. Тәрбие басы – тіл (М.Қашқари).

100. Әдептің басы – тіл (А.Иүгінеки).

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 346 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 cqtzr577  
0
416 http://admin.infinix.club/forum.php?mod=viewthread&tid=2112292&extra=http://forum.motoevasao.com/viewtopic.php?f=2&t=130243http://forum.38a.ru/showthread.php?t=435101&p=724972#post724972 http://help.stv.ru/index.php?topic=448460.0 http://help.stv.ru/index.php?PHPSESSID=86e5c036f07ee7b92e8ca80b09beaf0d&topic=450484.0 http://mcdonogh35archive.com/index.php?title=%C3%90_%C3%90%C2%B0%C3%91%C3%91%C3%90%C2%BA%C3%90%C2%B0%C3%90%C2%B6%C3%90%C2%B8_%C3%90%C5%93%C3%90%C2%BD%C3%90%C2%B5_%C3%90%C2%A1%C3%90%C2%BA%C3%90%C2%B0%C3%90%C2%B7%C3%90%C2%BA%C3%91%C6%92_Tell_Me_A_Story_2_%C3%90%C2%A1%C3%90%C2%B5%C3%90%C2%B7%C3%90%C2%BE%C3%90%C2%BD_7_%C3%90%C2%A1%C3%90%C2%B5%C3%91%E2%82%AC%C3%90%C2%B8%C3%91_%C3%90%C3%90%C5%BE%C3%90%C3%A2%C3%90%CB%9C%C3%90%C3%90%C5%A1%C3%90_19-02-2020 http://imfl.sci.pfu.edu.ru/forum/index.php?topic=226940.0 https://revolutiondm.mojkgb.com/index.php?topic=81770.0

Имя *:
Email *:
Код *: