БАЛАЛАР БАЗЫНАСЫ

Жаймашуақ жаз басталысымен қызықты да қасиетті бала біткеннің алтын-күміске бергісіз қайталанбас демалыс маусымы басталып, жадыралы жаздың шымылдығы түрілгенше жалғасады. Ойын қызығына мейілінше берілген олардың таппайтын ермегі жоқ. Баспайтын жері қалмайды. Қала баласы ауылға баруға асық, ал ауыл баласы қалаға кетумен әлек.

Қалада балалардың жазғы демалысын қызықты өткізуге барлық жағдайлар жасалады ғой. Ал ауылда демалысын өткізіп жүрген балдырған-бүлдіршіндер үшін сондай жағдайдың көңілден шығатындай болуы әр қилы.

Басқасы басқа, ал Бесқарағай ауылында осынау мәселе оңтайлы шешіліп жүр деп айтуға ауыз бара бермейді. Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде жұмыс істейтін «Айналайын» шағын орталығында бала бақша жасындағы балалар тәрбиеленеді. Есесіне маусым айы бойы мектеп жанындағы «Күншуақ» атты жазғы демалу-сауықтыру лагерін бастауыш һәм орта буында оқитын бірнеше бала таңнан ... Читать дальше »

Просмотров: 713 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 15/06/2016 | Комментарии (0)

БІЗ БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ ҮШІН

Осыдан он төрт жыл бұрын, 2002 жылы, Xалықаралық Еңбек Ұйымы тұңғыш рет Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күнін бекітті. Жыл сайын маусым айының алғашқы жартысында әлемдік қауымдастықтың назары  дүние жүзінде бәз біреудің қанауымен һәм күштеуімен еңбек ететін балаларға ауады. Бұл күн дүние жүзінде балалар еңбегіне қарсы күрес бойынша жаһандық қозғалысты қолдайтын миллиондаған адамдарды бір ту астына біріктіреді. Жылдан жылға Дүниежүзілік күн балалар еңбегін қанаудың тез шешімін табуға тиісті ең күрделі мәселелеріне екпін түсіруге арналады. Науқан балалар еңбегінің ауыр түрлерімен күрес және оның мейілінше жойылуы бойынша  үкімет, азаматтық қоғам мен әлеуметтік серіктестердің, БАҚ пен барлық  мүдделі тараптардың күшін біріктіруге мүмкіндік береді.

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде бұл науқан 1 маусым – Xалықаралық балаларды қорғау күні басталып, 12 мау ... Читать дальше »

Просмотров: 721 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 15/06/2016 | Комментарии (0)