2012 ЖЫЛ ...

Кәрі құрлықтың он төртінші біріншілігінің ақтық жарыстары 8 маусым – 1 шілде аралығында Польшаның Варшава, Познань, Гданьск, Вроцлав қалаларында һәм Украинаның Киев, Донецк, Харьков, Львов қалаларында өткізілді. Оған бас-аяғы сон алты құрама команда қатысты. Төрт командадан төрт топ, әр топтан озып шыққан екі команда ширек финалға шығады, одан кейін олимпиялық жүйемен түзілді. Польша және Украина алаңдарында өткізілген отыз бір кездесуді 1440896 жанкүйер тамашалады. Жиыны 76 доп қақпа торында тулады.

Испания құрама командасының Еуро – 2012 ақтық ойынына шығатынын көптеген білгір мамандар алдын-ала болжап қойды. Дегенмен финал сценарийі дәл осындай болады деген әңгіме болған жоқ.  

Висенте дель Боске жаттықтырған «қызыл фурия» топтық кезеңнің алғашқы ойынында Италия құрамасына қарсы ауыр ойнап, 1:1 есебімен тең түсті. Кейінгі екі ойынның алғашқысында Солтүстік Ирландия құрамасын ірі есеп ... Читать дальше »

Просмотров: 699 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 03/06/2016 | Комментарии (0)

2008 ЖЫЛ ...

Кәрі құрлықтың он үшінші біріншілігінің ақтық жарыстары 7 – 29 маусым аралығында Австрияның Вена, Клагенфурт, Зальцбург, Инсбрук қалаларында һәм Швейцарияның Базель, Берн, Женева, Цюрих қалаларында өткізілді. Оған бас-аяғы сон алты құрама команда қатысты. Төрт командадан төрт топ, әр топтан озып шыққан екі команда ширек финалға шығады, одан кейін олимпиялық жүйемен түзілді. Австрия және Швейцария алаңдарында өткізілген отыз бір кездесуді 1140902 жанкүйер тамашалады. Жиыны 77 доп қақпа торында тулады.

 Еуропа біріншілігінің осынау жеңісін Испания құрама командасының жанкүйерлері 44 жыл зарыға күтті. Қол жеткізбес арман Еуро – 2008-де жүзеге асты. Кәсіпқой бапкер Луис Арагонес жаттықтырған шәкірттері ақытқ жарыстарды керемет үлгіде өткізіп, ақтық ойында Германия құрамасын қажырлы еңбекпен ұтты. Көптен күткен жеңіске қол жеткізген жалғыз голды  33-минутта хавбек Хавидің пасынан соң неміс қорғаушысы Филип ... Читать дальше »

Просмотров: 668 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 03/06/2016 | Комментарии (0)

2004 ЖЫЛ ...

Кәрі құрлықтың он екінші біріншілігінің ақтық жарыстары 12 маусым – 4 шілде аралығында Португалияның Брага, Гимарайнш, Порту, Авейру, Коимбра, Лейрия, Лиссабон, Фару, Лоле қалаларында өткізілді. Оған бас-аяғы сон алты құрама команда қатысты. Төрт командадан төрт топ, әр топтан озып шыққан екі команда ширек финалға шығады, одан кейін олимпиялық жүйемен түзілді. Португал алаңдарында өткізілген отыз бір кездесуді 1156743 жанкүйер тамашалады. Жиыны 77 доп қақпа торында тулады.

2004 жылғы Еуропа біріншілігінің сенсациясы көп болды. Грекия құрамасы ойламаған жерден жеңімпаз атанды. Бұған дейін бұл құраманың сапында жаһандық деңгейдегі жұлдызды ойыншылар болған емес және атаулы құрама екі-ақ рет құрлық біріншілігінің ақтық жарыстарына қатысты.  

Бразилиялық маман Луис Филиппе Сколари жаттықтырған һәм мінсіз ойын көрсеткен Португалия құрамасының ақтық ойынға шығатыны әуелден-ақ болжанса, жұмбаққа толы Грекия құр ... Читать дальше »

Просмотров: 634 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 03/06/2016 | Комментарии (0)

2000 ЖЫЛ ...

Кәрі құрлықтың он бірінші біріншілігінің ақтық жарыстары 10 маусым – 2 шілде аралығында Бельгияның Брюгге, Брюссель, Льеж, Шарлеруа қалаларында және Нидерландының Амстердам, Арнем, Роттердам, Эйндховен қалаларында өткізілді. Оған бас-аяғы сон алты құрама команда қатысты. Төрт командадан төрт топ, әр топтан озып шыққан екі команда ширек финалға шығады, одан кейін олимпиялық жүйемен түзілді. Бельгия һәм Голландия алаңдарында өткізілген отыз бір кездесуді 1102950 жанкүйер тамашалады. Жиыны 85 доп қақпа торында тулады.

Еуро – 2000 соңғы кезде тамашасымен есте қалған біріншіліктің бірі болды. Соғылған голдардың саны еселеп өсті, командалар шабуылды ойын өрнегімен көзге түсті, ойламаған жерде бой көрсеткен қателіктер мен сенсациялар болды.

Біріншіліктің ең басты ашылуына Португалия құрамасын жатқызған жөн. Топтық кезеңде олар барлық ойында жеңіске жетті: Англияны 3:2, Румынияны 1:0, Германияны 3:0 есептерімен ... Читать дальше »

Просмотров: 594 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 03/06/2016 | Комментарии (0)

1996 ЖЫЛ ...

Кәрі құрлықтың оныншы біріншілігінің ақтық жарыстары 8-30 маусым аралығында Англияның Бирмингем, Лидс, Ливерпуль, Лондон, Манчестер, Ноттингем, Ньюкасл, Шеффилд қалаларында өткізілді. Оған бас-аяғы сон алты құрама команда қатысты. Төрт командадан төрт топ, әр топтан озып шыққан екі команда ширек финалға шығады, одан кейін олимпиялық жүйемен түзілді. Англия алаңдарында өткізілген отыз бір кездесуді 1276171 жанкүйер тамашалады. Жиыны 64 доп қақпа торында тулады.

1996 жылғы Еуропа біріншілігі жаңашылдық жағынан рекордты болды. Біріншіден, ақтық жарыстарға қатысатын құрамалар саны бірден екі есеге ұлғайды. Екіншіден, футболдық Еуропа КСРО және Югославиның ыдырауының айтарлықтай аңғарды: футбол картасында оннан аса жаңа мемлекеттер пайда болды. Ең соңында, Англияда алтын гол (тең ойын жағдайында ойын жеңіс голына дейін ғана созылады) ережесі тұңғыш рет қолданылды. Соңғы жаңашылдық ақтық кездесуде жүзеге асырылды. Неміс ойыншысы ... Читать дальше »

Просмотров: 630 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 03/06/2016 | Комментарии (0)

ҮКІЛЕГЕН ҮМІТ ҰЯЛАП...

Әлбетте, күміс қоңыраудың сыңғырлаған жанғырығы әрбір адам өмірінде ерекше маңызға ие. Он екі мүшесі сау, сана-сезімі ояу адам мектеп табалдырығын тоздырған кезде қоңырау үнін сан мәрте естіген. Ал сол қоңырау біткеннің ішінде «Соңғы қоңыраудың» сыңғыры жадыда ешқашан ұмытылмас-ескірмес естеліктей мәңгіге қалады. Енді қайтып оралмас мектептегі қызықты да қызғылықты қимас сәттер көз алдында көлбейді. Бозбалалық-балалық тәтті мекенге шақырады.

Күннен-күнге жылжып өтіп жатан жылдың 25 мамырында Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде оқу жылының аяқталуын паш еткен «Соңғы қоңырау» салтанаты жүзеге асты. Мейілінше безендірілген мектеп спортзалына жиналған қауымның қарасында шек болмады. Мектеп түлектерінің жеке өмірге пырақтай бастауын тамашалауға келген туған-туысқандардың өзі бір төбе.

Салтанатты шара барысында мерейлі елуінші болып мектеп табалдырығынан ұшқалы отырған түлект ... Читать дальше »

Просмотров: 806 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 03/06/2016 | Комментарии (0)