ҚАЗАҚТЫҢ ЖАҒЫМДЫ БЕЙНЕДЕГІ СӨЗДЕРІ

Абзал (өте жақсы, ақ, адал, таза, пәк, текті, асыл) – есімін ел білетін, сыйлы азаматтарға айтылады.

Арлы (абзал, артық, ұятты) – өзінің де, өзгенің де ар-ұятын ойлайтын.

Азамат – білікті, ел қамқоры.

Атақты (белгілі, мақтаулы, танымал, қалаулы, көрнекті) – бүкіл елге белгілі, сыйлы.

Ажарлы (сұлу, келбетті, көркем, өңді, реңді, шырайлы, сымбатты) – бет-әлпеті келісті.

Ару – жас, сұлу әйелге айтылады.

Абыройлы (сыйлы, құрметті, беделді, мінезді, бірсөзді) – жақсы, халық қалаған.

Ақжарқын (жылы жүзді, көпшіл, жайдары, әзілқой) – мінезі ашық.

Айбарлы (айбатты, қаһарлы, сұсты, бетті, өткір) – батыр бейнелі.

Әз (Әз Тәуке, Ә ... Читать дальше »

Просмотров: 711 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 10/02/2016 | Комментарии (0)

ЕЛ ҮДЕСІНЕН ШЫҒАТЫН ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ

Сөз жоқ, «Нұр Отан» партиясының «билік партиясы» атауы орынды деп ойлаймын. Себебі Елбасы әм Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев төрағалық жасап отырған осынау әрі халықтық-демократиялық, әрі саяси-қоғамдық ұйымның ел еңсесін тіктеп қана қоймай, дамытып қана қоймай, баянды болашақта салиқалы-сарабдал жолмен ілгерілетуде әлеуеті айбынды. Ал жуырда ғана өткізілген XVII съез партияның елдік жолдағы беделін одан сайын пәрмендете түсті.

Өз басым 2005 жылдан күні бүгінге дейін «Нұр Отан» партиясының сенімді мүшесі болумен қатар, он жылға таяу шағын ауылдағы бастауыш партиялық ұйымның төрағасы да болғанымды адами-азаматтық тұрғыдан зор мақтан тұтамын.

Әлбетте, партиямыздың тұғыры биік елімізді дамытуға, көп ұлтты да бірлікті халқымыздың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын бәсекеге сай болатындай көтеруге байланысты атөарып отырған қайраткерлігі сондай ауқымды. Жиырма бес жылға ... Читать дальше »

Просмотров: 646 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 10/02/2016 | Комментарии (0)

ЖЫЛ СЫНАҒЫНА ТАС ТҮЙІН ДАЙЫНДЫҚ КЕРЕК

Жасырары жоқ, түлектер үшін де, олардың ата-аналары үшін де Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) рәсімі осынау маңызды сынаққа айналғаны бүгін емес. Сонау 2004 жылдан бері күні бүгінге дейін емтиханға бара-бар сынақ тапсыруға ниеттенген мектеп түлегі небәрі үш жарым сағат аралығында әрі жалпы орта білім курсын тәмамдайды һәм бақ пен бабы сәтімен сабақталып, оза шапса қалаған жоғары оқу орнына мемлекеттік білім алу гранты бойынша тегін оқуға мүмкіндік алады. Әрине, бұл сынақ әрбір қатысушы түлек үшін айтарлықтай кешенді әзірліктің де осал болмауын талап етеді.

ҰБТ – өмірдің ағымдағы өтпелі бір кезеңі ғана екенін сезініп, оның нәтижелеріне саналы түсіністікпен қарау қажет. Ең бастысы мыналар жадыда жатталып, санада қатталуы керек: әр емтихан тапсырушы, оның нәтижелеріне қарамастан, өмірдегі ең маңызды ғылымды меңгереді емес пе? Бұл ғылым – қиын жағдайда жеңілмеу, толқуды жеңе білу, көкірегін ... Читать дальше »

Просмотров: 715 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 10/02/2016 | Комментарии (0)

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ПЫСЫҚТАЛДЫ

Күні кеше Қызылағаш ауылдық округі әкімшілігінің мәжіліс залында игі дәстүр бойынша Лебяжі ауданы әкімі С.Жанғазиновтің Бесқарағай ауылы тұрғындары алдында 2015 жылы атқарылған жұмыстарға есеп берді. Жылдағыдай жиналыс басталмас бұрын жиналған қауымға ауданның өмірі жайында деректі бейнебаян көрсетілді. Есеп беру жиналысына аудан әкімімен бірге аудандық мәслихат хатшысы Қ.Әлтаев жәе басқа да жауапты тұлғалар келген екен.

Есептік кездесуге жиналған бесқарағайлықтар алдында алдымен Қызылағаш ауылдық округі әкімі Ж.Байтілеуова өз алдына есеп берді. Шымылдығы айға жуық қана түрілген былтырғы жылы ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы төңірегінде сөз төркіндеткен Жанат Шоқанқызы статистикалық сандарды нақты мысалдар арқылы мейілінше дәлелдеді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығын дамытып отырған «Дәнекер» һәм «Бесқарағай-Әлкей» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің, қала берді басқа да ... Читать дальше »

Просмотров: 670 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 10/02/2016 | Комментарии (0)