17:18
"Нұр Отан" - "Нұрлы жол" кепілі

ЕЛ ҮДЕСІНЕН ШЫҒАТЫН ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ

Сөз жоқ, «Нұр Отан» партиясының «билік партиясы» атауы орынды деп ойлаймын. Себебі Елбасы әм Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев төрағалық жасап отырған осынау әрі халықтық-демократиялық, әрі саяси-қоғамдық ұйымның ел еңсесін тіктеп қана қоймай, дамытып қана қоймай, баянды болашақта салиқалы-сарабдал жолмен ілгерілетуде әлеуеті айбынды. Ал жуырда ғана өткізілген XVII съез партияның елдік жолдағы беделін одан сайын пәрмендете түсті.

Өз басым 2005 жылдан күні бүгінге дейін «Нұр Отан» партиясының сенімді мүшесі болумен қатар, он жылға таяу шағын ауылдағы бастауыш партиялық ұйымның төрағасы да болғанымды адами-азаматтық тұрғыдан зор мақтан тұтамын.

Әлбетте, партиямыздың тұғыры биік елімізді дамытуға, көп ұлтты да бірлікті халқымыздың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын бәсекеге сай болатындай көтеруге байланысты атөарып отырған қайраткерлігі сондай ауқымды. Жиырма бес жылға аяқ басып отырған Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына лайықты сүбелі үлесін қосып келе жатқан шынымен-ақ жан-жүрегімізге жақын біздің ұйымның алдында өлшеусіз һәм сындарлы міндеттер тұр. Осынау съезде қаьылданған сайлауалды бағдарламада тайға таңба басқандай көрсетілді.

Жалпыұлттық жиында еліміздің экономикалық ілгерілеуіне, халқымыздың тұрмысын одан әрі жақсарта түсуге қатысты жағдаяттардың ауқымды сипатта қамтылғаны партиямыздың басым мақсат-мүддесін жеріне жеткізе әрі түсінікті түрде ұғындыра түскендей.

Абзалында, Елбасымыздың былтырғы жылдың соңындағы Қазақстан халқына Жолдауы қазақстандықтардың рухын асқарлатты. Қанша айтылып, қанша жазылғанына қарамастан, тағы бір мәрте мыналарға тоқталып өткенім әсте артық болмас: биылғы жылдың басында жарияланған Елбасының «100 нақты қадам» мақаласы Ұлт Жоспары шеңберінде Қазақстанның болашағы қандай болмақ, өркениетті әлемдегі алдыңғы межедегі отыз елдің қатарына кіру үшін не істелуі керек деген сияқты күрделі міндеттерді шешуге бағытталған.  

Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлауды ту етіп отырған үр жаңа сайлау қоғам өміріне, елдің өркендеуіне жаңа леп әкеледі деген ойдан еш арылған емеспін. Сондай-ақ, партиямыздың дауысқа салу нәтижесінде қабылданған сайлауалды бағдарламасында орынды мәселелердің тереңдей қамтылуы үкілі үмітке толы көңілге жылылық ұялатты.

«Нұр Отан» партиясы қазіргі таңда экономиканы, қаржылық қатынасты, банк жүйесін, әлеуметтің проблемаларын терең білетін білікті үміткерлерін осынау додаға қосты деп қабылдағанымыз жөн. Жасыратыны жоқ, бүгінгі орын алып отырған жағдай күрделі де мазасыз. Алайда, халық билік партиясына үлкен сенім артып отыр. Себебі сол – бірлігі бекем, ынтымағы нық халық былтыр өткен президенттік сайлауда Елбасын айқын қолдайтындықтарын білдірді. Құрылғалы бері ел сенімін ақтап жүрген «Нұр Отан» партиясы 20 наурызда өтетін сайлауда, Хақ Тағала қаласа, айқын басымдылықпен ең көп дауыс алатынына бек сенімдімін. Сонымен қатар, сайлау ұйымдасқан түрде әділ өтеді деп және сенемін.

Ақиқатында, мемлекетіміз алдағы уақыта ауқымды реформаларды бір адамдай жүзеге асыруы керек. Солардың бірі де бірегейі – Ұлт Жоспары. Осынау жұмысты нәтижелі іске асыру үшін бізге экономикалық тұрғыда да, заңдық тұрғыда да кеңінен, тереңнен ойлай алатын, бағамдай алатын абыройлы азаматтар қажет.

Асылында, 20 наурызда өтетін сайлауға халық қалаулысы атануға ниет білдірген үміткер-кандидат ретінде білікті азаматтар сайланып, олар өз кезегінде еліміздің қиындықтардан есен-аман өтуіне мейілінше ықпал етсе деп ойлаймын. Алға, «Нұр Отан»!           

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 646 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: