Тіл - күретамыр - 10 Февраля 2016 - Бегiмхан Керiмханулы
Главная » 2016 » Февраль » 10 » Тіл - күретамыр
17:19
Тіл - күретамыр

ҚАЗАҚТЫҢ ЖАҒЫМДЫ БЕЙНЕДЕГІ СӨЗДЕРІ

Абзал (өте жақсы, ақ, адал, таза, пәк, текті, асыл) – есімін ел білетін, сыйлы азаматтарға айтылады.

Арлы (абзал, артық, ұятты) – өзінің де, өзгенің де ар-ұятын ойлайтын.

Азамат – білікті, ел қамқоры.

Атақты (белгілі, мақтаулы, танымал, қалаулы, көрнекті) – бүкіл елге белгілі, сыйлы.

Ажарлы (сұлу, келбетті, көркем, өңді, реңді, шырайлы, сымбатты) – бет-әлпеті келісті.

Ару – жас, сұлу әйелге айтылады.

Абыройлы (сыйлы, құрметті, беделді, мінезді, бірсөзді) – жақсы, халық қалаған.

Ақжарқын (жылы жүзді, көпшіл, жайдары, әзілқой) – мінезі ашық.

Айбарлы (айбатты, қаһарлы, сұсты, бетті, өткір) – батыр бейнелі.

Әз (Әз Тәуке, Әз жәнібек) – халыққа айырықша қызмет еткен, зор еңбек сіңіргендерге берілетін құрметті атау, атақ, дәреже.

Әділ (тура би, шыншыл) – әр істің шындығын айтатын, қолдайтын адам.

Батыр (батыл, жаужүрек, жүрек жұтқан, ер, ержүрек, жүректі, қаһарман, хас батыр) – ел қорғаны, ел сүйеніші.

Білімді (оқыған, оқымысты, ғылым, білімпаз, зиялы) – көп оқыған және оны ел қажетіне жұмсаушы.

Біртуар – сирек туатын қайраткер.

Бауырмал – әр адамды жақсы көруші.

Балажан – баланы жақсы көруші.

Бай (дәулетті, ауқатты, малды! – әл-ауқатты, қаржысы, дүние-мүлкі мол.

Беделді – ел алдында сөзі өтетін, жақсы адам.

Белді – халық бетке ұстайтын, беделді азамат.

Дарынды (талантты, қабілетті) – сирек өнер иесі.

Дана (данышпан, ойшыл, біртуар, кемеңгер, ғұлама, ұлы, алып, көреген) – өте сирек туатын ұлы тұлға.

Дарқан (мырза, рақымды, кеңпейіл, қайырымды) – қолда барын ортаға салған, өте жақсы, қол қайыры мол.

Инабатты (ибалы, көргенді, ұятты, сыпайы, мәдениетті, үлгілі, иманжүзді, кішіпейіл, ұлғатты) – өзін-өзі ұстай білетін, сыйлы.

Ел ағасы (ел басы, ел бегі) – халық, ел арасында беделі зор.

Ер – ел намысын қорғаушы, тар жерде жол табатын батыл, ержүрек.

Еңбексүйгіш (еңбекқор, еңбекшіл, бейнетқор) – еңбекті жақсы көруші, еңбекпен өскен.

Епті (ыңғайлы, бейім, икемді) – әр істің жөнін білетін, шебер.

Зиялы (ойлы, білімді, зерделі, оқыған, парасатты, әдепті, көргенді, үлгілі, саналы, өнегелі, тәрбиелі, қасиетті) – өнерін, білімін халыққа арнаған.

Жомарт (мырза, қолы ашық) – дәулетін, қаржысын, малын халықтан аямайтын.

Жайдары (ашық жүзді, жылы шырайлы) – мінезі ашық.

Жақсы (жайсаң, өнегелі, тәуір, сыйлы, саналы, абыройлы) – елі, халқы құрметтейтін кісі.

Мәрт (бірсөзді, текті, асыл, намысқой, қасиетті) – адалдық жолдан таймайтын, сөзінде тұратын, артық.

Мейірімді (мейірбан, қайырымды, ақжүрек) – адамға жақсылық жасайтын, қамқоршы.

Кербез (сырбаз) – бой-басын күтіп ұстайтын, сәнқой.

Көргенді (қасиетті, ұятты, үлгілі, инабатты, ұлағатты) – оқыған-тоқығаны мол.

баспаға әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 108 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: