ҚЫЗ ӨССЕ – ЕЛДІҢ КӨРКІ

Жыл құсындай ерте келетін көктемнің мерекесі – халықаралық әйелдер күні қарсаңында Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде жылдағы игі дәстүр ізінше бірнеше тағылымдық-тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі – 6-9 сыныптарда оқып жүрген қыз-бойжеткендер арасындағы «Қыз өссе – елдің көркі» сын-байқауы.

Жыл өткен сайын мектеп оқушыларының саны мен сыныптардың азайып бара жатқанына қарамастан, биылғы сын-байқауға бас-аяғы төрт үміткер қатысты: қазақ тілінде оқитын 6-сынып оқушысы Джумашева Гүлзира, орыс тілінде оқитын 6-сынып оқушысы Жанпейсова Алина, 7-сынып оқушысы Тиссен Галина және қазақ тілінде білім алып жүрген 9-сынып оқушысы Аубакирова Айгерім.

Бес бөлімнен тұрған аталмыш шара барысында қатысушы қыздар өзін-өзі таныстыруда, көркемөнер тамашалатуда, танымдық сұрақ-сауалдарға жауап беруде, киім үлгісін сәндетуде, шаш үлгісін жасауда өзара тартысқа түс ... Читать дальше »

Просмотров: 804 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 09/03/2015 | Комментарии (0)

АЯУЛЫЛАРДЫҢ ЖАРАСЫМДЫ ЖАРЫСЫ

«Әйелдің қырық жаны бар» дегенге қарсы шығар дау жоқ қой. Үйде де, түзде де бәріне уақыт тауып, өз тірлігін рет-ретімен жайғастыра алатын да аяулы жандар ғой қашанда. Десе де, спорт жағынан танылуда да аянып қалмайды тағы.

Жуырда Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің кең де жарық спортзалында ауылымыздың аяулылары арасында «Көңілді жарыстар» өткізілді. Құрамында бес қатысушыдан жасақталған үш команда өзара қызу додаға күмп берді. Атап айтқанда, Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің «Достық», Қызылағаш ауылдық округінің «Сүйкімділер» һәм ауылдың қыз-келіншектерінің «Максимум» командалары.

Бірнеше жарыс кезеңдерінен тұрған тартыс барысында аяулы жандар білектің күшін де, жігерлі шапшаңдықты да, үйлесімді ептілікті де бір адамдай ортаға салды. Айталық, желаяқ боп жүгірді, үстел теннисінің ракеткасы мен шаригін, жұмсақ мат пе ... Читать дальше »

Просмотров: 600 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 09/03/2015 | Комментарии (0)

ІСКЕРЛІГІМЕН ТАНЫМАЛ АЯУЛЫ ЖАН

Елімізде гендерлік саясаттың игілік жағынан берері телегей-теңіз. Нәзік жаратылысына қарамастан іскерлігімен үлкен ұйымдарға бас-көз болып отырған аяулы жандар аз емес қой арамызда. Сондай тұлғаның бірі әрі бірегейі – «Лебяжі ауданының Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің директоры Айжан Мейрамқызы Белгібаева.

Кезінде өзі түлеп ұшқан мектебіне қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі болып оралған Айжан Мейрамқызы осы күнге дейін үзбей абыройлы еңбек етуде. Пән мұғалімі ретінде аймақ және аудан көлемінде айтарлықтай танылып үлгерді. Шәкірттері берісі аудандық, арысы облыстық олимпиадалардың жүлдегерлері атанды. Өзі де бір жылдары пән мұғалімдері арасында өткен облыстық олимпиаданың жеңімпазы атанды. 2013 жылы Тараз қаласында өткен халықаралық конференцияға қатысып, тақырыптық баяндама жасап, сертификатқа ие болды. Сонымен бірге аталмыш оқу орнының ғылыми-әдістемел ... Читать дальше »

Просмотров: 884 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 09/03/2015 | Комментарии (0)

Просмотров: 784 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 09/03/2015 | Комментарии (0)

АЛЬБИНАНЫҢ АСУЛАРЫ

Қазақта келіннің жөні бөлек қой қашанда. «Тастай батып, судай сіңіп», ата-ененің көңілінен шыға білудің өз бір төбе болса, босағадан оң аяқпен аттап, мезгілі жеткенде, немере сүйдіру өз алдына құрмет-мәртебе ғой, шіркін.

Танысып қойыңыздар – Альбина Жасқайратқызы Оспанова. Осыдан сегіз жыл бұрын Бесқарағай ауылына келін боп түсті. Қазіргі таңда ауылдағы ветеринарлық пункттің білдей меңгерушісі болып табылады.

 Сонау Қарағанды облысының тумасы Альбина 2009 жылы Павлодардың іргесінде орын тепкен Красноармейка елді мекеніндегі аграрлы-техникалық колледжді ветеринар-дәрігер мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын Лебяжі ауданы орталығы Аққу елді мекенінде бастап, қол созым жерде көрші жатқан Бесқарағай ауылында жалғастырды.

Шаңырақ көтерген жары Әлкен Оспановпен бірге 2010 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен Бесқарағай ауылына келді. Айта кетейік, жары Әлкен – ... Читать дальше »

Просмотров: 803 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 09/03/2015 | Комментарии (0)

Просмотров: 838 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 09/03/2015 | Комментарии (0)