16:42
Арулар - асыл жандар

ҚЫЗ ӨССЕ – ЕЛДІҢ КӨРКІ

Жыл құсындай ерте келетін көктемнің мерекесі – халықаралық әйелдер күні қарсаңында Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде жылдағы игі дәстүр ізінше бірнеше тағылымдық-тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі – 6-9 сыныптарда оқып жүрген қыз-бойжеткендер арасындағы «Қыз өссе – елдің көркі» сын-байқауы.

Жыл өткен сайын мектеп оқушыларының саны мен сыныптардың азайып бара жатқанына қарамастан, биылғы сын-байқауға бас-аяғы төрт үміткер қатысты: қазақ тілінде оқитын 6-сынып оқушысы Джумашева Гүлзира, орыс тілінде оқитын 6-сынып оқушысы Жанпейсова Алина, 7-сынып оқушысы Тиссен Галина және қазақ тілінде білім алып жүрген 9-сынып оқушысы Аубакирова Айгерім.

Бес бөлімнен тұрған аталмыш шара барысында қатысушы қыздар өзін-өзі таныстыруда, көркемөнер тамашалатуда, танымдық сұрақ-сауалдарға жауап беруде, киім үлгісін сәндетуде, шаш үлгісін жасауда өзара тартысқа түсті. Бойдағы бар өнер-қабілеттерін сахна төріне салған нәзік жанды қатысушылар қыр-қырынан бірегейленуде аянып қалмады. Сын-байқау болғаннан соң жүлдегерлер атануы да заңды еді. Әділқазы алқасының ортақ шешімімен, бірінші орынды Айгерім жеңіп алса, екінші орын Галинаға бұйырды, ал Алина Гүлзира үшінші орынды қанағат тұтты.

Сын-байқау бөлімдері арасында бастауыш сынып оқушыларының хоры, 9-сынып оқушысы Увакова Алуа ана туралы жүрек тербер әндерді, вокалды жұп болып сахана төріне шыққан 5-сынып оқушылары Ерсайын Дінмұхамбет пен Мұратбай Арман «Ақ қурай» әні, ерлі-зайыпты Азат және Айжан Омаровтардың жарасымды шырқаған керемет әні, 4-сынып оқушыларының орындауындағы «Кукарелла» биі көрермендердің патша көңілдерінен барынша шығып, мерекелік шараны әрлей түсті.

Осынау игі шараға демеушілік жасаған қашанда белсенді ата-ана Э.Аубакированы, жастар істері жөнінде маман-нұсқаушы Г.Сейітованы, мектептің қамқоршылық кеңесінің төрайымы Ж.Жанпейсованы ерекше атап өткеніміз абзал.

Қорыта айтқанда, «Қыз өссе – елдің көркі» сын-байқауы мектеп оқушылары бойында ұлттық тағылымның қаншалықты маңызды екенін артық рет дәлелдеді.   

Ал келесі күні мәжіліс залының сахнасында мерекеге арналған «Ана – өмір шуағы» атты концерт өтті. Оның шымылдығын Қызылағаш ауылдық округі әкімі Ж.Байтілеуова шын жүректі құттықтау сөзімен ашты. Концерттік бағдарламада мектептің аға тәлімгері А.Ахметов пен 9-сынып оқушысы Увакова Алуа сезімге толы мерекелік концерттің тақырыбын ашқан тамаша әнін, 2-сынып оқушыларының хоры ана жайында көңілді ән шырқады, мектеп мұғалімі Ш.Берден домбыраның сүйемелдеуімен «Ақ бұлақ» әнін, кейіннен Б.Ибраһиммен жұптасып домбыра мен сылдырмақты үндескен сүйемелдеуімен «Шын дос болсаң» әнін орындады. Бұдан басқа мектеп тәрбиешісі Л.Сейітова «Армансыз күнін болмайды» әнін жеке шырқады, оның алдында Б.Ибраһиммен жұптасып «Қыз сыны» әнін орындады. 7-сынып қыздары жастардың флеш-моб биін тамашалатты. Жоғарыда айтылған Дінмұхамбет пен Арманның орындаған көңілді «Ақ қурай» әні көрермендерге ұнағаны соншалық, мерекелік концертте тағы бір мәрте нақышына келтіре шырқалды. Сонымен қатар ерлі-зайыпты жарасымды вокалдық жұп Азат пен Айжан бұл жолы «Тау-тау сезім», күміс көмей әншілігімен танылып үлгерген 9-сынып оқушысы Увакова Алуа «Анашым» әнін тамашалатты. Б.Ибраһимнің орындауындағы «Аспанға қараймын» әні де көрермендердің көңіл-күйін бір серпілтіп тастады.    

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай  ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 805 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: