ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛТЫН НҮКТЕСІ ҚОЙЫЛДЫ

Майда мамырдағы күміс қоңыраудың соңғы сыңғырымен оқу жылын аяқтаған биылғы жылдың түлектер маусым айында ерекше тебіреніспен күтетін тағы бір айтулы салтанат бар. Ол – жалпы орта білім курсын толық бітіргені туралы аттестатты салтанатты түрде табыс етуді ту ететін жас түлектер кеші. Ресмиленген түрде кеш деп әспеттелетін осынау қайталанбас мейрам осымен бесінші жыл қатарынан аудан орталығы Аққудағы кең де жарқын Мәдениет үйінің сахнасында тал түсте ойдағыдай ұйымдастырылды күні кеше. Лебяжі ауданына қарасты барлық жалпы орта білім беретін мектептерден ерекше саән-салтанатпен киінген 2013/14 оқу жылының түлектері ілгері жүгірген бұлақтайын ағылды. Олармен бірге он бір жыл бойы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бағып-қаққан ата-аналары, туған-туысқандары, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, арагідік пән мұғалімдері, ауылдастары және еріп келді.

«Жас түлек – 2014» салтан ... Читать дальше »

Просмотров: 937 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 19/06/2014 | Комментарии (0)

БІЛІГІМЕН БАҒАЛЫ АЯУЛЫЛАР

Былтырғы жылдың маусым айының үшінші онкүндігінде еліміз бойынша тұңғыш рет мемлекеттік қызметкерлердің кәсіптік мерекесін салтанатты түрде өткізу қолға алынған болатын. Тәулік бойы асқан жауапкершілікті һәм тиянақтылықты талап ететін осынау саладағы қызметкерлер арқалаған жүк жеңіл емес. Бұл сала мамандары, анау айтқандай, тек жылы кабинет, ондағы былғары жұмсақ орындық, соны үлгідегі компьютер алдында телмірумен ғана шектелмейді әсте. Үңіліп қарағанда, олардың қызметтік аясы әлдеқайда кең де ауқымды. Мемлекеттік қызметкер болу мен атану да оңай шаруа емес әлбетте. Бұл саланы таңдаған адам үлкен жауапкершілік, ел алдындағы азаматтық парыз сыңайлы мән-маңызы биік түсініктерді өз қабырғасымен кеңескеннен соң ғана елеп-екшеп, түпкілікті шешім қабылдайды. Одан қала берді білім-білік-дағды үштағанын құрайтын құзыреттілігін қисыны қиын тест тапсыру сынағы елегінен өткізеді. Бабы да, бағы да үйлескен тұста мемлекеттік қызм ... Читать дальше »

Просмотров: 695 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 19/06/2014 | Комментарии (0)

МҮМКІНДІКТІҢ ШЕКТЕУЛІГІ ШЕК ЕМЕС

Елбасы және Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халнына арнаған биылғы Жолдауында: «...мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрмыстық қызмет көрсету, тағам өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істей алады. Мен барлық кәсіпкерлерге оларды жұмысқа орналастыруға көмектесіңіздер деп тағы да айтқым келеді. Сондай-ақ, 5-10 адамға арналған арнайы квотаны енгізу мүмкіндігін қарастыруға болады.

Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана қоймайды, сонымен бірге, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады. Біздің барлық әлеуметтік институттар, үкіметтік емес ұйымдар, «Нұр О ... Читать дальше »

Просмотров: 748 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 19/06/2014 | Комментарии (0)

ГИППОКРАТ АНТЫНА БЕРІК ЖАНДАР ТІРЛІГІ

Жалғанда адамдар бір-бірімен дидарласып көріскенде, «Денсаулығың қалай?» деп бастайды. Демек, дүниенің жылтыраған бар байлығына еш бергісіз денсаулықтың қандай қымбат екенін осы бір қарапайым мысалдан-ақ байқауға болады.

Денсаулыққа бей-жай, жүрдім-бардым қарау ақыр соңында орны толмас қиындықтарға әкеп соғады. Ал денсаулықты реттеуде медицина қызметкерлерінің, яғни ақ халатты абзал жандардың,  атқарып жүрген жұмысы маңызды, арқалап жүрген жүгі ауыр.

Халықтың денсаулығы жағдайының жақсы болуы қашанда асқан жауапкершілікті талап етеді. Мемлекет те бұл бағытта ешқашан аянып та, тарылып та көрмеген. Мүмкіндік болған кезде қолдан келгеннің барлығын жасайды. Шет-шалғай жатқан елді мекендерге пойызбен болсын, тік ұшақпен болсын, автокөлікпен болсын көшпелі ем-дом шараларын ұйымдастырады үзбей.

Тұрғындар саны сегіз жүзге де жетпейтін Бесқарағай ауылында фельдшерлік-акушер ... Читать дальше »

Просмотров: 870 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 19/06/2014 | Комментарии (0)

МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ!

Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері күні, 4 маусымда, Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебі алдында «Менің Қазақстаным!» атты салтанатты митинг ұйымдастырылды. Шара барысында тарих пәні мұғалімі М.Оспанова мемлекеттік нышандар тақырыбында мазмұнды да мағыналы баяндамасын жиналған қауым алдында оқып, танымдық ақпарат-мәлімет таратты. Онда алтын Күнді, еркін Қыранды, Ұлттық ою-өрнекті Туымыздың, әлемде бейнесімен ең тартымды Елтаңбамыздың, мәтінінде тұғырлы Тәуелсіздігіміз, ерен Егемендігіміз барынша әспеттелген Әнұранымыздың Мемлекеттік маңызы ерекше ескерілді. Ал бастауыш сынып бүлдіршіндері Ділназ Зейнуллинова мен Айдана Серікпай митингті патриоттық қазақша ән шырқаумен, ұлттығымызды паш еткен қазақ биін орындаумен әрледі. Қолдарына ауқымды мемлекеттік туды, шағын ту түстес жалаушаларды желбірете, биіктете ұстаған көрермендер импровизацияланған сахнада тұрғандарға қошеметті ықыластарын білдірді.Әй ... Читать дальше »

Просмотров: 882 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 19/06/2014 | Комментарии (0)

ЖАЗҒЫ «АРАЙ» һәм БАСҚА ДА НҰР-СӘУЛЕЛІ ШУАҚ Жасыл желек жамылған, Күн сандығынан шуақты нұр-сәулесі жібекше шашылған, жадыралы жаздың келгеніне бәрінен бұрын оқу жылын артқа тастап, үш айлық демалыс қызығына күмп берген қылығымен қасиетті балалар мәз. Бәлкім, сондықтан шығар жыл сайын сағындырып келетін жаздың ең алғашқы күні – 1 маусымда дүниежүзілік балаларды қорғау күні мерекеленеді жер-жерде. Осынау игі дәстүрден Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебі жаңылып көрген емес. Биыл бақытты балалық шақ түрліше базарлыққа мейілінше бөленді. Мәжіліс залында «Бақытты балалық шақ» атты сазды шара ұйымдастырылды. Оның ашылу салтанатында балаларды жаз маусымының басталуымен құттықтаған Қызылағаш ауылдық округі әкімі Ж.Байтілеуова, Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебі ата-аналар комитетінің төрайымы Ж.Жанпейісова жүрекжарды тілектерін қуана-қуана білдірді. Бұдан кейін сәнді сахна төрін тек қана балғын балдырғандар билеп-төстеді. Айталық, мектеп жанындағы «Айналайын» шағын орт ... Читать дальше »
Просмотров: 1238 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 19/06/2014 | Комментарии (0)