15:23
Ақ халатты абзал азаматтар

ГИППОКРАТ АНТЫНА БЕРІК ЖАНДАР ТІРЛІГІ

Жалғанда адамдар бір-бірімен дидарласып көріскенде, «Денсаулығың қалай?» деп бастайды. Демек, дүниенің жылтыраған бар байлығына еш бергісіз денсаулықтың қандай қымбат екенін осы бір қарапайым мысалдан-ақ байқауға болады.

Денсаулыққа бей-жай, жүрдім-бардым қарау ақыр соңында орны толмас қиындықтарға әкеп соғады. Ал денсаулықты реттеуде медицина қызметкерлерінің, яғни ақ халатты абзал жандардың,  атқарып жүрген жұмысы маңызды, арқалап жүрген жүгі ауыр.

Халықтың денсаулығы жағдайының жақсы болуы қашанда асқан жауапкершілікті талап етеді. Мемлекет те бұл бағытта ешқашан аянып та, тарылып та көрмеген. Мүмкіндік болған кезде қолдан келгеннің барлығын жасайды. Шет-шалғай жатқан елді мекендерге пойызбен болсын, тік ұшақпен болсын, автокөлікпен болсын көшпелі ем-дом шараларын ұйымдастырады үзбей.

Тұрғындар саны сегіз жүзге де жетпейтін Бесқарағай ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) өз жұмысын дөңгелентіп отыр. Штатта бас-аяғы бес қызметкер бар. Атап айтқанда, А.Ахметова – медбике, Р.Қайырбаева – фельдшер, Г.Бормотова – санитар, Е.Уақбаев – автожүргізуші және Г.Сальников – күзетші. ФАП-тың апталық тірлігі қым-қуытқа толы. Күнделікті қаралып жүретін бесқарағайлықтар қажетті ем-домын уақытында алып жүреді. Медбике Алма Ануарқызының айтуынша, жүрек дертіне шалдыққан һәм жүрек талмасы бар жиырма жеті тұрғынға және қан қысымы сырқатына ұшырап жүрген елу алты бесқарағайлыққа ай сайын тегін дәрі-дәрмектер беріледі, жіті бақылауда жүрдеі. Ал фельдшер Рымкеш Қабиденқызы өз кезегінде биылғы жылдың сәуір айында облыстық денсаулық басқармасының мұрындық болуымен автополиклиника келгенін, онда әр түрлі медицина мамандары екі күннің ішінде 352 ауыл тұрғынын тексергенін, оларға тиісті кеңес-нұсқаулар берілгенін, сонымен бірге мамыр айында облыстық тубдиспансер тарапынан жылдағыдай «Флюкар» автоқұрылғысы келіп, 154 бесқарағайлықты рентгенге түсіргенін айтты.

ФАП ішіндегі күндізгі стационарда биылғы жылдың өзінде 58 адам ем-дом алып үлгеріпті. Ғимараттағы аптекада қажетті деген дәрі-дәрмектер ғана қалта көтеретін бағамен босатылады. Сол сияқты жүктілік мерзімінде жүрген аяулы жандар, нәрестелі болған аналар, кішкентай балалар, мектеп жасындағы оқушылар, егде жасқа жетіп, созылмалы дерт мазалап жүрген қариялар әрқашан жіті бақылауда екен.  Сайып келгенде, Бесқарағайдағы ФАП тұрғындардың денсаулығын бақылауда сапалы қызмет көрсетуімен ерекшеленеді.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылыі, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 871 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: