ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ Геноцид. Депортация. Репрессия... Атынан ат үркитін қайғы-қасіретке толы ауыр сөздер. Өткен ғасырдың 30-50 жылдарында саяси-қоғамдық ортада осы үш сөздің әмірі жүріп тұрды өкінішке орай. Бұларға қасақана әрі қолдан жасалған аштықты қосқанда, үрейден тұла бойың шымырлайды, төбе шашың тік тұрады еріксіз. Сол кездегі кеңестік биліктің ойыншығына айналған қазақ елі мен жері осынау аласапыранның құрбанына айналды. Солақай саясатты ұстанған әсіресілтеушілердің қисынға келмейтін һәм басқа сыймайтын түсініксіз іс-әрекетінен тұтастай бір ұлт мүлдем жойылып кетудің аз-ақ алдында қалды. Өкінішке орай, қазақ халқының саны едәуір ортайып қалды. Әсіресе аштық кезінде, тарихи деректер мен азалы тақырыпты қозғаған көркем әдебиетке сүйенсек, қазақ даласы сондай аянышты халді басынан кешті. Ол аздай саяси қуғын-сүргіннің айыбы негізсіз құрбандарын азаптаған Карлаг, Алжир, Степлаг делініп кеткен тұтқындар лагерлеріндегі адам төзгісіз тірлігі қосылды. Ел қамы, ұлт ... Читать дальше »
Просмотров: 1104 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 03/06/2014 | Комментарии (0)