МӘҢГІЛІК ЕЛ МӘЙЕГІ

Басқасын қайдам, ал өзім адами-азаматтық тұрғыдан Елбасы һәм Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың ілгерілей дамудың кепілді жаршысындай, елдігімізді еңселете еселетудің игі дәстүріне әлдеқашан айналған Қазақстан халқына Жолдауын іштей тағатсыздана күтумен жүрдім соңғы күндері. Қасиетті жұма жұлдызында күткенім айдай әлемге, алты Алашқа жар болды. Дүниеге «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты мән-маңызы һәм бағыт-мазмұны ұлан-асыр Жолдау келді, отандастар! Бәрекелді!

Мақсат, мүдде, болашақты үштағандай ортақ етіп отырған стратегиялық құжат – баянды болашақтың кемелді даңғылы. Дамудың 2030 межесін мезгілінен бұрын жүзеге асырған еліміз 2050-ді мәрелеу ... Читать дальше »

Просмотров: 709 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 18/01/2014 | Комментарии (0)

БЕСҚАРАҒАЙЛЫҚ ТОҚСАНБАЙЛАР

Жалғанда ғой жасарыңды жасап, асарыңды асағанға не жетсін, шіркін! Жегені алдында, жемегені артында. Жаратушы ие өлшеп берген ғұмыр-дәуреннің бар қызығын көріп те, татып та жүрген адам атаулы бақытты екен әлбетте.

Жаңа жылдың жаршысындай қаңтарда Бесқарағай ауылындағы соғыс ардагері, балаларының, немерелерінің, шөберелерінің қызығын көріп отырған Қасенов Қаблен ақсақал тоқсан бір жасқа толса, еңбек ардагері, ақжаулықты Оспанова Күлшан әже тоқсан жасқа келді. Сүйегі асыл жандар ғой. Осынау жасты бағындырған егде жандарды өткір сөз һәм сұқ көзден сақтасын да. Кіндік қандары бұл ауыл топырағына тамбағанмен, өмірінің қызыққа толы мәнді аралығы және азамат болып қалыптасудың шарықтау шегі Б ... Читать дальше »

Просмотров: 948 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 18/01/2014 | Комментарии (0)