ТУЫНДАҒАН ОЙДАН ЖҮЗЕГЕ АСҚАН ІСКЕ ДЕЙІН
1904 жылғы 21 мамырда Парижде ұлттық футбол федерацияларын біріктіруге һәм футболдан халықаралық жарыстарды өткізуге мұрындық болуға негізделген ФИФА ұйымы құрылды. Ол кезде ұлтаралық байланыстар, Ұлыбританияның оған тиесілі төрт тәуелсіз федерацияларын есепке алмағанда, тұрақты түрде қалыптаспаған-ды, демек бірігудің бұндай ойы жекелеген белсенділердің жігерімен ғана жүзеге асатын-ды. ФИФА-ның тұңғыш президенті болып франциялық Робер Герен сайланды. Оның осынау орынтаққа сайлануының өз заңдылығы болды, өйткені Гереннің өзі аталмыш ұйымның құрылуына айтарлықтай үлесін қосты. Оның үстіне өзі де сондай жан-жақты тұлға болғанға ұқсайды. Герен Франция футбол федерациясы президенті һәм Le Matin газетінің спорттық тілшісі қызметтерін қоса атқарды. Ол ол ма, дипломы бар инженер де болды. Әңгімеге тиек болып отырған әлгі Герен бірінші болып алдымен клубтар, кейіннен құрама командалар арасында халықаралық чемпионаттар өткізу ойын жүзеге асыр ... Читать дальше »
Просмотров: 861 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 07/01/2014 | Комментарии (0)