ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРМЕН ТЫМ ӘУЕСТЕНУШІЛІК

Не керек, ғаламторсыз һәм оның бір ажырамас бөлігіндей тұрақтанып қалған әлеуметтік желілерсіз көрер күн қараң боп қалғандай ма, қалай?! Жұмыс орнында отырып та, жайлы үйде жастық жастанып жатып та қажетті ақпараттарды, мәліметтерді, мағлұматтарды – бәрін дерлік жаһандық ғаламтордан қарап, қажетінше көшіріп, керегінше өңдеп, игілікке жаратып жүргеніміз қашан. Әсілі, Ыбырай Алтынсаринша айтқан «тілегенің алдыңнан іздемей-ақ табылар».

Ұдай даму үдерісі жемісіндей көрінетін әйгілі Интернет адам үшін жаратылғаны айдан анық. Әйгілі браузерлер һәм оларға тиесілі контенттер веб-сайттардың алуан түрлісін кірпік қақтырмас жылдамдықпен жайып салады. Осынау аласапыран ақпарат ішінде пайдалысы да, пайда ... Читать дальше »

Просмотров: 3403 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 04/12/2013 | Комментарии (0)

ЕЛБАСЫ – ЕЛІМЕН БІРГЕ!

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесінің халық арасына кіргеніне осымен екінші жылдың жүзіне айналды. Өлшемге салғанда аз ғана уақыт аралығын қамтыса да, кең етек жайып отырғаны азаматтық тұрғыдан қуантпай қоймайды. Еліміздің кез келген елді мекенінде Елбасы һәм Ұлт көшбасшысына деген құрмет-қошемет елдігімізді, адамгершілігімізді артық рет айқындауда.

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде «Елбасы – елімен бірге!» деген тақырыпты айдарлаған концерттік бағдарлама Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекеге арналды. Аталмыш шараның салтанатты бөлімінде Қызылағаш ауылдық округі әкімі Ж.Ш.Байтілеуова қысқа да нұсқа түрде тақырыптық баяндамасын оқыды һәм ауыл тұрғындарын құттықтады, ал мек ... Читать дальше »

Просмотров: 1193 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 04/12/2013 | Комментарии (0)