БАҒАЛАУДЫ БАҒАМДАСАҚ

Әлбетте, оқушылардың оқу-танымдық жұмыстарының нәтижесін технологиялық тұрғыдан қадағалау сол жұмыстардың нәтижесін әділ, ашық түрде бағалаудан көрінеді. Бағалау – білім, ептілік және дағдылардың игерілу дəрежесін анықтау. Бағалау қызметтерінің сандық көрсеткіші – баға, яғни баға оқушылардың білім, ептілік, дағдылар дəрежесінің шартты сан не баллмен белгіленуі. Білім бағалауда шынайылылық, білім сапасын анықтаудағы бірыңғай талап үлкен маңызға ие. Себебі, білімдік әділ баға –оқушының қызығушылығын туғызуға ықпал жасаудың өте нəзік құралы. Еріксіз көтеріңкі баға шəкіртті қуантады, қанаттандырады, сонымен бірге, оның жұмысқа деген немқұрайлылығын да пайда етеді. Əсіресе, әділетсіз қойылған бағаның əсері күшті: ол баланың оқуға деген ықыласын арттыруы да, ... Читать дальше »

Просмотров: 1056 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 02/12/2013 | Комментарии (0)

ЖҰҚА МҰЗ һәм ҮСІК ШАЛУДАН АБАЙ БОЛАЙЫҚ

Қылышын сүйретіп, қыр асып қаһарын төккен қыс мезгілі жетіп болмағанмен, оның қатерлі қылықтарынан әу бастан қамдану шаралары кезек күттірмей өткізіліп жатыр осы күндері. Сондай тақырыпқа тұздық ретінде үлкенді-кішілі айдын-дария бетін жауып жатқан жұқа мұздан һәм суығы сүйек қаритын сары аязда үсікке шалдығып қалмау бойынша сақтық шараларын алуға болады.

Жақында Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебіне Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты Лебяжі ауданының су апаттарынан құтқару бекетінің жетекшісі, старшина В.П.Сидоренко арнайы жұмыс сапарымен келіп, мектеп оқушылармен кездесу өткізді.

... Читать дальше »

Просмотров: 1171 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 02/12/2013 | Комментарии (0)

БАС ЖАРЫЛЫП, КӨЗ ШЫҚПАСЫН ДЕСЕК...

Өткен жылғы желтоқсан айының соңғы онкүндігінде Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің от қазандықтары орналасқан орнында адам өмірін қиған қылмыстық әрекет орын алғаны белгілі. Жауапты тұлғалардың жүктеген міндеттеріне немқұрайлы-салғырт қараған кесірінен ауылдың жиырма бес жасар жас азаматы бар кінәні мойнына алып, жаза арқалап кете барса, жасы қырықты жағалап қалған ауыл азаматы өмірімен қош айтыса да алмай, өлімшідей соққы алып, қимастықпен кете барды. Не керек, жарты жылдай жүргізілген тергеу амалдары да қылмыстық іске қатысы барлардың үрейін алып, сілікпесін шығарды. Ал сақтық шараларын орынды да уақтылы сақтағанда ғой осындай қасіретті жайттар менмұндаламас еді. Хош, болар іс болып, бояуы да әлдеқашан сіңді.

... Читать дальше »

Просмотров: 910 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 02/12/2013 | Комментарии (0)