11:59
Тұңғыш Президент тұғыры

ЕЛБАСЫ – ЕЛІМЕН БІРГЕ!

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесінің халық арасына кіргеніне осымен екінші жылдың жүзіне айналды. Өлшемге салғанда аз ғана уақыт аралығын қамтыса да, кең етек жайып отырғаны азаматтық тұрғыдан қуантпай қоймайды. Еліміздің кез келген елді мекенінде Елбасы һәм Ұлт көшбасшысына деген құрмет-қошемет елдігімізді, адамгершілігімізді артық рет айқындауда.

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде «Елбасы – елімен бірге!» деген тақырыпты айдарлаған концерттік бағдарлама Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекеге арналды. Аталмыш шараның салтанатты бөлімінде Қызылағаш ауылдық округі әкімі Ж.Ш.Байтілеуова қысқа да нұсқа түрде тақырыптық баяндамасын оқыды һәм ауыл тұрғындарын құттықтады, ал мектеп директоры А.М.Белгібаева көрермендерге өз жүрекжарды тілегін шын жүректен жеткізді. Ауыл әкімі Жанат Шоқанқызы да, мектеп басшысы Айжан Мейрамқызы да Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тұлғасын нақты дәлелдермен мадақтап, Ұлт көшбасшысының қазіргі Қазақстан тарихы мен қоғамында алатын орнын айырықшалады.

Ән-билі көркемөнер түрімен көмкерілген концерттік бағдарламада 5 сынып оқушысы Ерсайын Аяулым «Туған жер», 2-3 сынып оқушылары «Бақытты біздер баламыз», 5 сынып оқушысы Жанпейсова Алина «Ақбұлақ», 3 сынып оқушысы Серікпай Айдана «Атамен», 2 сынып оқушылары Астана туралы, 10 сынып оқушысы Батырханова Әнел «Астана», 8 сынып оқушысы Увакова Алуа «Туған жер», шағын орталық тәрбиешісі Л.Қ.Сейітова «Армансыз күнін болмайды», «Астана» әндерін, 5-6 сынып оқушылары «Қамажай», 3-4 сынып оқушылары қазақ билерін нақышына келтіре, тыңдармандарын еліктіре, көрермендер ықылас-қошеметіне бөлене орындап бақты. Осылайша биылғы Президент күні мейрамы есте қаларлықтай мерекеленді.

ИБРАҺИМ Бегімхан

Бесқарағай ЖОББМ оқу-тәрбие істері меңгерушісі, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 1193 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: