22:33
Сақтықта қорлық жоқ

ЖҰҚА МҰЗ һәм ҮСІК ШАЛУДАН АБАЙ БОЛАЙЫҚ

Қылышын сүйретіп, қыр асып қаһарын төккен қыс мезгілі жетіп болмағанмен, оның қатерлі қылықтарынан әу бастан қамдану шаралары кезек күттірмей өткізіліп жатыр осы күндері. Сондай тақырыпқа тұздық ретінде үлкенді-кішілі айдын-дария бетін жауып жатқан жұқа мұздан һәм суығы сүйек қаритын сары аязда үсікке шалдығып қалмау бойынша сақтық шараларын алуға болады.

Жақында Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебіне Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты Лебяжі ауданының су апаттарынан құтқару бекетінің жетекшісі, старшина В.П.Сидоренко арнайы жұмыс сапарымен келіп, мектеп оқушылармен кездесу өткізді.

Су апаттарынан құтқару саласында он жылдың айналасында абыройлы кезмет атқарып жүрген Виталий Петрович оқу ордасына әр оқу жылының көктем және күз айларында ұдайы келіп отырады. Осы жолы да құр қол келмеді. Алдымен интербелсенді тақтаның көмегімен жиналған оқушыларға жұқа мұзда абайлық сақтамағандардың апатты жағдайларынан, оған тиесілі қиынға соғатын құтқару әрекет-амалдарынан көрініс беретін бейнежазбалы танымдық деректі фильмін көрсетсе, артынша оқушылар назарына көрсетілген құтқару амалдарына қоса сарышұнақ аяздар кезінде дене мүшелерін үсіріп алмаудың алдын алу бойынша сақтық шараларын сақтау хақында нұсқаулық лекциясын жүргізді. Ресми түрде ортақ қарым-қатынас тілі – орыс тілінде өткізілген шара кезінде туындаған аударма қиыншылықтарда ілеспе қазақ тілінде түсіндіру жұмыстары қоса атқарылды. Ал сынып сағаттарында қауіпсіздік техникасы дәптерлерінде жоғарыда сөз болған сақтық шараларын өздігінен қатал сақтауды оқушылар қолдарын қойып, жауаптанды.

ИБРАҺИМ Бегімхан

Бесқарағай ЖОББМ оқу-тәрбие істері меңгерушісі, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 1172 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: