АРАЙЛЫ АЛТЫН КҮЗ

Хакім Абайдың «сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, күз болып дымқыл тұман жерді басқан» деп әдемі ұйқасатын жыл мезгілінің төрлетіп жүргеніне де бір айдың жүзіне айналды. Күні кеше ғана жасыл желекке армансыз оранған тоғайлар сары алтын түске боянса, көк майса реңктегі сай-дала сарғыш тарта бозарды. Бау-бақшадағы өнім де, шабындықтағы пішен де жиналды. Не керек, алтын күзбен айнала өзінше ажарланды.

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде жылдағы игі дәстүр ізімен бастауыш және орта буын оқушылары арасында «Арайлы алтын күз» айдарымен өнер-сауықты тәрбиелік шаралар өткізілді жуырда.

Мектептің мәжіліс залының сахнасына жұп құ ... Читать дальше »

Просмотров: 1154 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 28/09/2013 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚ ТІЛІ – АЙБЫНЫМЫЗ, ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ – АЙДЫНЫМЫЗ

Қандай да бір игі бастама көпшіліктің көңілінен қолдау тауып жатса ғана нәтижелілігімен қомақтанады әлбетте. Қандай да бір игі бастамаға қан жүгіртуге келелі мақсат-міндеттер, соған тиесілі себеп-салдар қозғаушы тетік болады қашанда. Әсілі, осынау керуен үлкен жолға шығады. Ал әңгіме өзегі құдіреті киелі қазақ тілі һәм көркемдігі қуатты қазақ әдебиеті хақында болғанда, онда оның әлеуеті сан мәрте еселене түседі.

Жуырда Лебяжі аудан орталығындағы Лебяжі жалпы орта білім беретін мектебінде аудандық білім бөлімінің мұрындық болуымен аудандық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің І форумы «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің сапалы берілуін ұйымдастыруда педагогикалық технологияларды па ... Читать дальше »

Просмотров: 1201 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 28/09/2013 | Комментарии (0)