БӨТЕН СӨЗБЕН БЫЛҒАНСА СӨЗ АРАСЫ...

Қазақ тілі! Сонау замандардағы жаугершілік шақта найза ұшымен етігімен су кешкен бабаларымыздан мирас болып қалған мәңгілік елдік-ұлттық нышан болып табылады.

Зерттеулерді зерделесек, ежелгі дәуір әдебиетінің қайнары саналатын сақ, ғұн һәм атақты Орхон-Енисей тас жазба ескерткіштерінен бастау алған, орта ғасырларда мемлекет болуға алғышарт болған, қанша тілесек те, тарих-бабаның барса келмес қойнауына күмп берген Қазақ хандығы дәуірінде атой салған, арамза отаршылдық заматында өз жеріндегі өгейшілік нәубет-теперіш тартқан, кеңестік кезеңнің тоқырауында ау-қапқанмен торланған, өз алдына Тәуелсіздік, Егемендік, Еркіндік, Дербестік таңы атысымен Күн нұрындай жаңғырған, енді міне ү ... Читать дальше »

Просмотров: 1076 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 16/09/2013 | Комментарии (0)

ИТМҰРЫН – ДЕНСАУЛЫҚҚА ПАЙДАЛЫ

Кезінде ғой мектептердегі оқушы қауымы аула-ауланы ары-бері аралай жүріп, бума-бума ескі-құсқы газет-журнал тігінділерін, елді мекен айналасындағы ой-қырды кезіп, тонналап темір-терсек, тоғай ішінде қыдырыстап, қап-қапшық итмұрын жинап һәм тағы сол сияқты ұжымдық жұмыстарды атқарып, сыныптар өзара міндетті жарыс-тартысқа түсетін-ді. Заман сырғи, уақыт жылжи бұл сыңайлы қоғамдық-пайдалы еңбек тым сиреп кетті. Соңғы кезде арагідік өткенді жандандыру амал-әрекеттері менмұндалай қылаң беруде.

Қайсыбір бұқаралық ақпарат құралдарында қалалы елді мекенде тұрғындардан қатталған-тігілген ескірген кітаптарды, газет-журналдарды, жаттанды сөзбен айтқанда – макулатураны қабылдауда. Темір-терсек онсыз да жаппай нәпақ ... Читать дальше »

Просмотров: 839 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 16/09/2013 | Комментарии (0)