23:03
Салауатты өмір салты

ИТМҰРЫН – ДЕНСАУЛЫҚҚА ПАЙДАЛЫ

Кезінде ғой мектептердегі оқушы қауымы аула-ауланы ары-бері аралай жүріп, бума-бума ескі-құсқы газет-журнал тігінділерін, елді мекен айналасындағы ой-қырды кезіп, тонналап темір-терсек, тоғай ішінде қыдырыстап, қап-қапшық итмұрын жинап һәм тағы сол сияқты ұжымдық жұмыстарды атқарып, сыныптар өзара міндетті жарыс-тартысқа түсетін-ді. Заман сырғи, уақыт жылжи бұл сыңайлы қоғамдық-пайдалы еңбек тым сиреп кетті. Соңғы кезде арагідік өткенді жандандыру амал-әрекеттері менмұндалай қылаң беруде.

Қайсыбір бұқаралық ақпарат құралдарында қалалы елді мекенде тұрғындардан қатталған-тігілген ескірген кітаптарды, газет-журналдарды, жаттанды сөзбен айтқанда – макулатураны қабылдауда. Темір-терсек онсыз да жаппай нәпақа көзіне айналды. Ал ауылды мектеп оқушылары таза күзгі табиғат аясында денсаулыққа сондайма пайдалы итмұрын өнімін жинау жүзеге асырылуда. Жуырда Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің орта бастауыш, орта буын оқушылары итмұрын жинаудан өзара жарыс көрігін қыздырды. Сабақтан тыс уақытта қапшық-дорбаларын арқалап, пайдалы өнімді келілеп уыстады.

Нәтижесінде 10 қазақ сынып оқушылары 12,1 келі итмұрынмен жеңімпаз атанса, екінші орынды 5,2 келімен 8 қазақ сынып еншіледі, 9 қазақ сынып үшінші сатыға көтерілді. Ал 3, 6 сыныптар белсенділік танытты. Кепкен итмұрыннан фито-шай әзірлейді.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ЖОББ мектебі оқу-тәрбие істері меңгерушісі, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 840 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: