Құрметті ұстаздар!
Сіздерді Мұғалім Күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Осы айтулы мейрам қарсаңында баршаларыңызға жайма шуақты күн нұрын тілегіміз келеді. Ұстаз ұлағаты – ұлық ұғым. Мұғалімдердің ерен еңбегінің арқасында ғана мемлекет іргесін қорғап, ел тізгінін ұстаған толағай - азаматтар қаймана қазақ баласының аманатын арқалайды. Әр адам ұстаздан алған білімі мен қарым – қабылетін пайдаланып қоғам мен халқына аянбай еңбек етуге талпынар. Жаңа ғасыр аясында жаңашылдық үрдіспен қарбаласа қадам басып, барлық инновациялық технологияларды игеріп, оны өскелең ұрпақ санатына жеткізу Сіздердің еншілеріңізде екені баршаға аян. Адамзат баласының Әзиз жолында тәжірибе – машықтарыңызды паш ете ұрпақ тәрбиелеу - қажырлықты талап етер елеулі еңбек. Болашағына сенген өз шәкірттеріңіз сенімдері ... Читать дальше »
Просмотров: 1144 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 01/10/2011 | Комментарии (0)

1 қазанда мектебіміздің 8-11 сынып оқушылары жылдағы дәстүр бойынша "Өзін-өзі басқару күнін" өткізді. Бір сәтке болсын мұғалім болған оқушылар бір сәтке оқушыға айналған мұғалімдерге сабақтар өткізді. Көңілді болды. Осы күннің болғанын айғақтайтын 6 фотосурет сайттың "Фтотоальбомы" парағында орналастырылды.
Просмотров: 786 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 01/10/2011 | Комментарии (0)

* 26 қыркүйекте мектеп оқушыларынан жасақталған құрама күзгі кросстан аудандық оқушылар спартакиадасы айдарымен өткен жарыстарға қатысып, мықты бестікті тәмамдады.
 
** 29 қыркүйекте аудан орталығындағы Мәдениет үйінде Мұғалімдер күні мерекесіне орайластырған аудан әкімі Құрманова А.А. қатысуымен мерекелік шара өткізілді. Біздің мектептен атаулы тамашаға бас-аяғы 14 мұғалім шақырылды. Ардагер ұстаздарға раушан гүлі берілсе, біздің мақтанышымыз әрі бірегей шеберіміз Асанов Қанат Қайроллаұлына аудан әкімінің Алғыс хаты және бағалы сыйлық салтанатты түрде табыс етілді. Бәрекелді!
 
***30 қыркүйекте мектеп асханасында егде адамдар күніне арналған дәм-тұзды дастархан жайылып, шағын концерттік бағдарлама қойылды. Қария жандар бір жадырап, шүйіркелесіп қалды.
Просмотров: 837 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 01/10/2011 | Комментарии (0)