12:59
Апта ырғағынан...
* 26 қыркүйекте мектеп оқушыларынан жасақталған құрама күзгі кросстан аудандық оқушылар спартакиадасы айдарымен өткен жарыстарға қатысып, мықты бестікті тәмамдады.
 
** 29 қыркүйекте аудан орталығындағы Мәдениет үйінде Мұғалімдер күні мерекесіне орайластырған аудан әкімі Құрманова А.А. қатысуымен мерекелік шара өткізілді. Біздің мектептен атаулы тамашаға бас-аяғы 14 мұғалім шақырылды. Ардагер ұстаздарға раушан гүлі берілсе, біздің мақтанышымыз әрі бірегей шеберіміз Асанов Қанат Қайроллаұлына аудан әкімінің Алғыс хаты және бағалы сыйлық салтанатты түрде табыс етілді. Бәрекелді!
 
***30 қыркүйекте мектеп асханасында егде адамдар күніне арналған дәм-тұзды дастархан жайылып, шағын концерттік бағдарлама қойылды. Қария жандар бір жадырап, шүйіркелесіп қалды.
Просмотров: 838 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: