13:05
Жүрекжарды шын тілек
Құрметті ұстаздар!
Сіздерді Мұғалім Күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Осы айтулы мейрам қарсаңында баршаларыңызға жайма шуақты күн нұрын тілегіміз келеді. Ұстаз ұлағаты – ұлық ұғым. Мұғалімдердің ерен еңбегінің арқасында ғана мемлекет іргесін қорғап, ел тізгінін ұстаған толағай - азаматтар қаймана қазақ баласының аманатын арқалайды. Әр адам ұстаздан алған білімі мен қарым – қабылетін пайдаланып қоғам мен халқына аянбай еңбек етуге талпынар. Жаңа ғасыр аясында жаңашылдық үрдіспен қарбаласа қадам басып, барлық инновациялық технологияларды игеріп, оны өскелең ұрпақ санатына жеткізу Сіздердің еншілеріңізде екені баршаға аян. Адамзат баласының Әзиз жолында тәжірибе – машықтарыңызды паш ете ұрпақ тәрбиелеу - қажырлықты талап етер елеулі еңбек. Болашағына сенген өз шәкірттеріңіз сенімдеріңізді ақтап, өмір ауанында құлаштап самғасын, Қазақ мемлекеті гүлденіп, өсіп - көркейіп, аспанымыз әрқашан бейбіт болсын. «Ұстаздық қылған жалықпас үйретуден балаға» - дегендей, айтулы мереке қарсаңында баршаларыңызға қажымас қайрат пен зор денсаулық тілейміз. Отбасыларыңыз шаттық пен береке толы болсын. Барлық аңсаған армандарыңыз орындалып, мақсат – мұраттарыңызға жете беріңіздер деген тілек білдіреміз. Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты да аяулы ұстаздар!
Просмотров: 1145 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: