ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛМЕНЕН
Қасиетіңнен айналайын – Қазақстаным!
Құдіретті һәм асқаралы нұр Отаным!
Қызыл қанмен жазылған тарихы бар,
Қарыштай ілгерілеген Барысстаным!
 
Алға қарай шақырады зор болашақ,
Алдағы күннен бар-ау біздің алашақ.
Аспандайды заңғарлана еркін Қыран,
Алтын Күн – шапағатты баянды шақ.
 
Зымырандай жедел түрде дамудамыз,
Заманға сай берік елдік ордамыз.
Зиян менен залалға біз жоламаймыз,
Задында, заманауи қоғам құрудамыз.
 
Асқақ арман іске асуда ілгерілеп,
Ағайын-жұрт күн кешуде күн күлімдеп.
Айналананы анадай бауырға басып,
Арқадан еркелей еседі жылы леп.
 
Құшағына жүз отыз ұлтты бауыр басқан,
Құрмет тұта, бірлік са ... Читать дальше »
Просмотров: 806 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 18/02/2011 | Комментарии (0)

БЕРЕКЕЛІ БІРЛІГІМІЗ – ЫНТЫМАҚТЫ ТІРЛІГІМІЗ
Дара туып, дана атанған Хакім Абайдың «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» деп басталатын өлеңнің осы тармағына елімізде осынау мезгілдік аралықта болған дүбірлі һәм айтулы оқиғалар куәсі болып отырмыз, отандастар. Айталық, шымылдығы кеше ғана түрілген былтырғы жылдың қараша-желтоқсан аралығында Астана төрінде 56 елдің басшыларын бір шаңырақтың астына жинаған ЕЫҚҰ саммиті аясындағы ғаламдық маңызы бар оқиға, адуынды жүрісін жасап келе жатқан биылғы жылдың қаңтар-ақпан кезінде орын алған Елбасының өкілеттігін ұзарту турасындағы халық тілеуі, дәстүрлі Жолдауы, Астана һәм Алматы қалалары бірігіп өткізген VII қысқы Азия ойындары, мерзімі айқындалған кезектен тыс Президент сайлауын өткізу – бәрі-бәрі бір деммен ел тарихының құшағына ерекше түрде орнығып отыр. Ақиқатында, биылғы Жолдау сондайма мазмұндылығымен, халыққа ерекше әсерлілігімен бұған дейінгі жолдаулардың салиқалы һәм сарабдал жалғасы дерлік. Сатылай түрде алғанда, Елба ... Читать дальше »
Просмотров: 918 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 18/02/2011 | Комментарии (0)

ЕЛДІК МАҚТАНЫШ
Он күнге жуық қуанышқа бөлеген жетінші қысқы Азия ойындары – қайталанбас шақ! Сары құрлықтың жиырма жеті елінен қатысқан спортшылар жан алысып, жан беріскен додалар алаңына шықты. Жанкүйерлер бір жасап қалды. Жеңімпаздар тұғырларға жайғасып, жүлделі медальдарды алқалады. Азиада тарихында бір елдің спортшылары алтын медальдарды жеңіп алудың жиырма бес жылғы рекордын қазақстандық саңлақтар жаңартты. Отыз екі алтын алқаға қол жеткізді! Бұған дейін кең-байтақ Қазақстанда кешендігімен ауқымды құрлықтық спорт додасы болмаған. Посткеңестік елдер ішінен Қазақстан соншалық деңгейдегі жарыстарды ұйымдасқан түрде өткізген бірегейлігімен айқындалды. Азиаданың салтанатты түрде ашылуы һәм салтанатты түрде жабылуы еліміздің қарқынды дамуының нақты көрсеткіші. Осы жарыстарға арнайы тұрғызылған және күрделі жөндеуден өткен спорт кешендері көңілден барынша шықты. Еліміздің бас телеарналарынан көрсетілген тікелей һәм қайталау көрсетілімдердің сапасы әлемдік талаптарға сайм ... Читать дальше »
Просмотров: 929 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 18/02/2011 | Комментарии (0)