11:06
Жолдауға қолдау
БЕРЕКЕЛІ БІРЛІГІМІЗ – ЫНТЫМАҚТЫ ТІРЛІГІМІЗ
Дара туып, дана атанған Хакім Абайдың «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» деп басталатын өлеңнің осы тармағына елімізде осынау мезгілдік аралықта болған дүбірлі һәм айтулы оқиғалар куәсі болып отырмыз, отандастар. Айталық, шымылдығы кеше ғана түрілген былтырғы жылдың қараша-желтоқсан аралығында Астана төрінде 56 елдің басшыларын бір шаңырақтың астына жинаған ЕЫҚҰ саммиті аясындағы ғаламдық маңызы бар оқиға, адуынды жүрісін жасап келе жатқан биылғы жылдың қаңтар-ақпан кезінде орын алған Елбасының өкілеттігін ұзарту турасындағы халық тілеуі, дәстүрлі Жолдауы, Астана һәм Алматы қалалары бірігіп өткізген VII қысқы Азия ойындары, мерзімі айқындалған кезектен тыс Президент сайлауын өткізу – бәрі-бәрі бір деммен ел тарихының құшағына ерекше түрде орнығып отыр. Ақиқатында, биылғы Жолдау сондайма мазмұндылығымен, халыққа ерекше әсерлілігімен бұған дейінгі жолдаулардың салиқалы һәм сарабдал жалғасы дерлік. Сатылай түрде алғанда, Елбасы еліміздің өткен жолын қорытындылады. Жиырма жылға тарта мезгілде қолымыз жеткен биіктеріміз көз қуантады. Даму қарқынымыз тілге тиек етіп алынған Оңтүстік Кореядан, Малайзиядан, Польшадан, Венгриядан, Түркиядан бірнеше есе артып отырғаны нұр үстіне нұр ғой. Демек, алдағы онжылдықта табыс һәм береке одан да арта түспек. Зерделесек, осынау Жолдауда әлеуметтік мәселелерге маңыз артылды. Білім беруді жоғары деңгейге көтеру, мектептер мен балабақшалар тұрғызу, денсаулық сақтауға маңыз беріп, адамның ғұмыр кешу жасын ұзарту сынды халыққа аса қажет бірқыдыру мәселенің қалайша шешімін табатындығы діттелді. Былтырғы Жолдауда жария етілген үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағытындағы жүзеге асқан істер көңілден шықты. ат-алмыш бағдарламаның алғашқы жылының өзінде 150-ден астам кәсіпорынды іске қосылды. Соның арқасында мыңдаған адам тұрақты жұмысқа орналасты. Сондайма Жолдауда қисыны қиын білім беру саласына қаратылып айтылғаны ерекше ықпал етті. Айталық, 2015 жылға дейін он екі жылдық білімденуге көшуіміз керектігі айтылды. Бұл жолда жасалып жатқан қыруар жұмыстар тілге тиек етіліп, бағдарлы бағыттар айқындалды. Абзалында, Президенттің өкілеттігін ұзарту жолында әңгіме болған референдум мәселесіне халықтық-демократиялық тұрғыдан әділ шешім шығарып,соңғы сөзді Конституциялық Кеңес құзырына қалдырды. Нәтижесінде, жуырда кезектен тыс Президент сайлауын өтілетін күнді де жария етті. Оған деген дайындық жұмыстары басталып та кетті. 3 сәуірде болатын сондайма сайлауда қазақстандықтар Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдап, ұдай-үдемелі сенім білдіретіндіктеріне, басқасы қайдам, ал өз басым нық сенімдімін. Сондайма сенім арқылы біз өзіміздің бүгініміз һәм баянды болашағымызды Елбасымен байланыстыратынымыз айдай анық. Қазақстанның тұрақты дамуы, қоғамның алаңсыз өмірі – Нұрсұлтан Назарбаев!
ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Нұр Отан» ХДП «Бесқарағай» БПҰ төрағасы,
Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы
Просмотров: 919 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: