АЛЫНҒАН АСУЛАР, БАҒЫНҒАН БЕЛЕСТЕР
Белгілі бір мақсатты меже тұтқан адам соған жету жолында мардымды әрекет, маңызды қадамдар жасап, нақты нәтиже биігінен көрінеді. Осынау жолда бойындағы һәм ойындағы бар қабілет-қарымды жұмсауға барын салады. Жуырда Лебяжі жалпы орта білім беретін мектебінде жылдағы игі дәстүрге әлдеқашан айналған пән мұғалімдері арасында аудандық олимпиада ұйымдасқан түрде өткізілді. Бұл біліми-әдістемелік додаға Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің бірнеше мұғалімі де қатысты. Бақ пен бап сынға түскен шараның нәтижесі бесқарағайлықтар үшін олжалы болды. Атап айтқанда, тарих пәнінен жарыс жолына шыққан Оспанова Маржан Жалкенқызы мәре сызығын екінші болып кессе, өзінің педагогикалық қызметін биылғы оқу жылында ғана бастаған жас маман Молдабаева Нұргүл Серікқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жүлделі екінші тұғырдан көрінді, ал басатуыш сыныптар мұғалімдері сынында Жұмашева Дана Арыстанқызы үшінші болып топ жарды. Жараты ... Читать дальше »
Просмотров: 873 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 26/02/2011 | Комментарии (0)

РУХАНИ АЗҒЫНДАУ – ӘРІ ДЕРТ, ӘРІ ДАУ
Жаңалық ашайын деп тұрған жоқпын. Демек, қазіргі кезде көркем шығарма оқуды былай ысырып қойып жүрген өскелең ұрпақ жайы алаңдатады, ағайын. Боймен бірге ойы қатар жетілмесе, қарапайым адами қадір-қасиет қайтіп қалыптасады?! Ауыл кітапханасыда болсын, мектеп кітапханасында болсын көркем шығармалар самсап тұр. Ал оны алып оқып жүрген оқушы қатары некен-саяқ. Сонда-ау сондайма рухани құндылықтар жай сән үшін берілген бе? Діттеген мәнін қайдан іздейміз? Жұрт алдында сөйлеуде бір-екі сөздің басын құрастыра алмайтын сөйлеуші айтар ойын жеткізуде кесек-кесек кедергілерге ұшырайтыны өз алдына, тығырыққа тірелудің қиындығына тап болады. Айталық, сабақ үстінде болсын, жай кезде болсын оқушы қауыммен әңгімелескен сәтте олардың тілдік қорының тым жұпыны екенін байқап қалсаң, өз-өзіңнен қуыстанады екенсің. Ұзын сөздің қысқасы, рухани қорды жетілдіретін, жаңартатын һәм жаңғыртатын уақыт әлдеқашан жетті. Қапы қалмайық, ағайын. Сын ... Читать дальше »
Просмотров: 1000 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 26/02/2011 | Комментарии (0)