ДІНМҰХАМЕД ДӘН РИЗА
Ерсайын Дінмұхамед – Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің 1 қазақ сыныбының оқушысы. Өзі секілді қатарлас балдырғандардан еш артықшылығы да жоқ. Тек денсаулығында туа біткен аз-кем ауытқуды айтпағанда. Осы жасқа жеткенше жақын түгіл жауға да тілемес қиын-қыстау сәттердің қара бұлты қаршадай баланы әжептәуір торлады. Бірақ әке-шешесі һәм ата-әжесінің үкілі үміті, баянды болашаққа деген ұшқыр сенімі мойытпады, қайрады, бекітті. Мектеп табалдырығын былтыр мектепалды дайындық тобынан бастаған Димашқа, үйдегілер Дінмұхамедті осылайша еркелете атайды, Лебяжі аудандық коррекциялық орталығының қорытынды акті бойынша үйде оқытылсын деген шешім шығарылды. Дегенмен мәжбүрлі мүгедектігіне қарамастан балдырған өзімен егіз туған сыңары Нұрмұхамед және өзге де құрдастарынан бір елі де қалмай, талап пенен ынта, жігер менен қайрат танытып, шамасы келгенше сабақтарды босатпады. Енді де бірінші сыныптың есігін де айқара ашып, оқушы қатарында ... Читать дальше »
Просмотров: 978 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 06/10/2010 | Комментарии (0)