ҮР ЖАҢА КОМПЬЮТЕРЛЕР КЕЛДІ
Осынау сәтті Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары, мұғалімдері, ата-аналары соңғы бес жылда үміттене, тілене һәм өтіне күтті. Осынау қуанышты мезет келді де. Түйенің ақ қарны жарылып, елді жарылқады. Қысқасы, білім ордасына үр жаңа алты компьютер әкелініп, ойдағыдай орнатылып, іске қосылды. Ақпараттық-коммуникациялық технология болып табылатын компьютерлерді мектепке беруді Лебяжі аудандық білім беру бөлімі ұйымдастырды. Бұндай нәтижелі қадам жасауға арысы аймақ басшысы Сағынтаев Б.Ә., берісі Павлодар облыстық білім беру басқармасы мұрындық болғанын айта кету артықтық етпес. Биылғы жазда Лебяжі ауданына іссапар жасаған аймақ басшысы ауданға қарасты мектептердегі компьютерлік базаның тозығы әбден жеткенін өз көзімен көріп, оның үстіне аудандық білім бөлімінің өтініш-тілегін ескеріп, айтқанын іс жүзінде асырып отыр. Енді міне бесқарағайлық оқушылар ғылым-білім һәм тәлім-тәрбие жолында заманалық білімдену тал ... Читать дальше »
Просмотров: 941 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 27/10/2010 | Комментарии (0)