09:58
Жыл басы - Наурыз мейрамымен!
Құрметті әріптестер, қызметтестер, оқушылар, ата-аналар!
Баршаларыңызды Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жыл мезгілінің осы сәтінен бастап әлем дүние жаңарып, Жер анамыз құлпыра түседі. Ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқап дегендей көптен күткен Әз Наурыз баршаларыңызға береке әкелсін!
Қазақ елінің гүлденуі мен көркеюі жолындағы Сіздердің қосқан үлестеріңіз ұлан-ғайыр деп білеміз.
Еліміздің әл-ауқаты артып, білім саласындағы, оқу жолындағы һәм тәрбие арнасындағы қажырлы еңбектеріңіз жанданып, мол табыстарға кенелтсін дегіміз келеді!
Осы айтулы мереке қарсаңында Барлықтарыңызға қажымас қайрат, мол денсаулық, ашық аспан және ұзақ қайырлы ғұмыр тілейміз.
Әр шаңыраққа бақ – береке дарып, құт орнасын, дастарқан мол болып, заманымыз тыныш болсын деп тілек айтамыз!
Туған - туысқандарыңыз бен отбасыларыңыз аман болсын, Жаңа жылда жаңа табыстар көп болып, көктемгі күн шуағы барлықтарыңызға қуаныш сыйласын!
Просмотров: 1000 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: