16:56
Дәстүрдің игі жолымен
Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің қоғамдық-көпшілік «БАРЫС» газеті және «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының бастауыш партиялық ұйымының ұйымдастыруымен Желтоқсан көтеріліс-қозғалысының 23 жылдығы һәм Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 18 жылдығына арналған 5 – 10 сынып оқушылары арасында өтетін «Тәуелсіздік тағылымы» ІV поэзиялық оқуларының ТҮСІНІКТЕМЕСІ Мақсаты: · Қазақ ақындарының Отан, ел, азаттық, тәуелсіздік, ынтымақ, бірлік тақырыбын ту еткен бірегей һәм үздік поэзиялық туындыларын насихаттау; · Оқушылар бойындағы отансүйгіштік, елжандылық, ұлттық намыс қасиеттерін арттыру; · Оқушылардың көпшілік алдында өлең сөзбен еркін де жігерлі, мәнерлі де рухты сөйлеуге үйрету. Шарттары: · Оқулар мемлекеттік тіл – қазақ тілінде өтеді; · Оқуларға әр сыныптан кем дегенде 2 (екі), көп дегенде 3-4 (үш-төрт) оқушы қатыса алады; · Әр қатысушы оқушы міндетті түрде 3 (үш) поэзиялық шығарманы яғни өлеңді мәнерлеп жатқа оқиды; · 1-өлең: Құдіретті хандық, 15 – 18 ғасырлардағы жыраулар поэзиясы /Асан қайғы, Қазтуған, Ақтамберді, Доспамбет, Шалкиіз, Үмбетей, Жиембет, Бұқар жыраулар, Шал ақын/. · 2-өлең: Айбынды Алаш, 19 – 20 ғасырлардағы ақындық өнер /Махамбет, Абай, Дулат, Сүйінбай, Шортанбай, Мұрат, Сұлтанмахмұт, Міржақып Дулатұлы,Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынұлы, Шәкәрім т.б./. · 3-өлең: Тәуелсіздік жолында, 20 – 21 ғасырлардағы ақындық өнер /Жұбан Молдағалиев, Сырбай Мәуленов, Фариза Оңғарсынова, Мұқағали Мақатаев, Мұхтар Шаханов, Олжас Сүлейменов, Тұманбай Молдағалиев, Жұмекен Нәжімеденов, Қадыр Мырза Әлі, Төлеген Айбергенов, Мәриям Хакімжанова, Әбділдә Тәжібаев, Марфуға Айтқожина, Мұзафар Әлімбаев т.б./. · Оқуларға танымал шығармаларды іріктеп алған жөн; · Әр өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға 3 (үш) минөт уақыт беріледі; · Оқулар барысында дауыс ырғағы, интонация, сахналық әдеп пен мәдениет ескеріледі; · Тіркеу 2009 жылдың 14 желтоқсанына дейін жүргізіледі. Өту мезгілі: · Оқулар 2009 жылдың 14 желтоқсанында сағат 16.00.-де мәжіліс залда болады. Марапаттау: · Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом/грамоталармен және естелік сыйлықтармен салтанатты түрде марапатталады.
Просмотров: 1493 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: