19:28
Рухани-танымдық сүрлеулер

ДҮНИЕДЕГІ ЕҢ...

Ерекше кәмпит ағашы

Шілде айынан бастап шешек атып, шоқ гүлдер ашатын, говения немесе мейіз ағашы аталған бұл ағаш 2000 метр биіктікте, тау басында Жаплния, Қытай мен Кореяда өседі. Піскенде кәмпит сабақтары жұмсақ, шырынды болады.

Кептірсе, ұзақ сақталады. Ағаштың жапырағы мен сабағын, тқым сығындысын бал бал орнына, дәрі жасауға да қолданады.

Кәмпит ағашының емдік қасиетін ежелгі Вавилон, Рим, Греция мен Тибет халықтары біліп, қастер тұтқан.

 

Ерекше табиғи сабын ағашы

Қытай мен Жапониядан Үндістанға дейінгі аралық бұл ағаштың отаны. Солтүстік Америка мен Солтүстік Африада да жерсіндірілген. Аласа бойлы, мәңгі жасыл бұталы, жемісі жаңғаққа ұқсайтын, сапиндус атанған бұл ағаштың қазір 15 түрі өседі. Ағаштың қабығы, жеміс мәйегі, жаңғақ қабақшасы – нағыз зиянсыз табиғи сабын. Шаш та жууға болады.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 192 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: