22:56
Жетістіктің жүз қадамы

97-ҚАДАМ: УӘДЕ БЕРДІҢІЗ БЕ – ІСТЕҢІЗ. ІСТЕМЕЙТІН БОЛСАҢЫЗ, УӘДЕ БЕРМЕҢІЗ

Адамның қандай екенін анықтайтын төте жолдың бірі – оның уәдесіне қандай екенін білу. Егер уәдесіне берік адам болса, ол тұрақты адам болғаны. Айтқан сөзінде тұру адамға жауапкершілікті талап етеді. Кейбір кездері қолын босамай уәдеңде тұра алмай қалуын мүмкін кездер де болады. Бұндай кезде екінші тараптан түсіністік болса жақсы ғой. Кейбір адамдар байбалам салуы да мүмкін. Оларға еш өкпелеудің қажеті жоқ. Себебі сіз уәде беріп қойдыңыз. Ал берілген уәде орындалуы тиіс. Уәдеде тұрудың екі жолы бар. Уәде берме немесе берген уәдеңде тұр.

Адамның уәдесінде тұру я тұрмауы жастайынан қалыптасады. Жас кезінен бастап берген уәделеріне берік болып, қалыптасқан адам уәдеге берік болады. Мысалы, мектеп кезде сабаққа кешікпей келеміз деп айтушы еді. Сол мұғалімге берген уәдсінде тұру үшін азанда барынша ерте тұрып, мектепке кешікпей баруға тырысатын еді. Сол бала кезден айтылған жерге кешікпей келу қалыптасып кеткендіктен ол мектеп кезде де, жоғары оқу орнында да, басқа кездесулерге де міндетті түрде кешікпей баруы әдетке айналып кетті.

Адамның уәдесіне берік болуы өзіне байланысты. Бірақ ата-ананың рөлі де басым екенін айта кеткен жөн. Себебі бала кезде адамның мінез-құлқы толық қалыптасатындықтан, ата-ананың рөлі басым. Мысалы, кейбір ата-аналар балаларына ойыншық алып берем, кәмпит алып берем немесе басқа бір нәрсе алып берем деп балаға уәдені үйіп береді де, кейін уәдесінде тұрмайды. Бұл толық қалфптаспаған балаға әсер ететіні сөзсіз. Бұны көрген бала кейін өзі де уәдесінде тұрмауы мүмкін. Себебі бала көргенді істейді.

Уәдеде тұру, тұрмау – әдет. Егер сізде уәдеде тұру қалыптасып кетсе, оның уәденің бұзылуы қиын болады. Ал керісінше көп уәдеңізде тұрмайтын болсаңыз, ол да қалыптасып кеткен жаман әдеттің бірі. Кейбір балаларды білеміз: оқыға, кездесулерге, футбол ойнауға келіскен уақыттан үнемі ойнауға келіскен уақыттан үнемі кешігіп жүреді. Кешігем деп кешікпейді тек қалыптасып кеткен әдетінен айыға алмай жүреді.

Ақкөңіл кейбір адамдарды білеміз. Біреудің өтініші жасағанын қайтара ала алмай, берген уәдесін кейбір кездері орындай алма жүреді. Екінші тараптың көңілін қалдырмайын деп, керісінше өзін ыңғайсыз жағдайға қалдыратын кездер де болады. Дұрысы қолыңыздан келмейтін немесе уақытыңыз жоқ нәрсеге уәде бермеңіз. Уәде бердіңіз бе міндетті түрде істеңіз. Уәдеде тұрудың екі жолы осы.       

Уәдеде тұрудың екі жолы бар: уәде бердің бе – істе немесе уәде берме.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 162 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: