19:37
Жетістіктің жүз қадамы

96-ҚАДАМ: ҚАНАҒАТЫ БАР АДАМҒА БАҚЫТ БҰЙЫРҒАН

Адамның бақытты болуы, болмауы тікелей өзіне байланысты. Қай уақыттан бастап адам бақытты боламын деп шешсе, ол сол уақыттан бастап бақытты болып есептеледі. Бақытты болу әр адамға әрқалай көрінеді. Бір адамдарға бақыт мол байлық, бір адамдарға отбасы, енді бір адамдарға өзінің денсаулығы, енді біреулерге сүйген жарымен бірге болу деген сияқты нәрселерді әрккім әрқалай таңдап алады.

Бұл айтылған дүниелердің барлығы адамға қажет. Арасында ең қажеттісі – адамның денсаулығы. Себебі денсаулығың болмаса, мол байлықтың да керегі болмай, отбасыңмен де бірге болуға мүмкіндік болмай кетуі мүмкін. Денсаулығы жақсы болып, басқа дүниелер жетіспесе де, адам бақытты бола алмайды.

Адам қай уақытта бақытты болады. Бірінші: тәні сау болғанда, айналасында отбасы болғанда және бейбіт қоғамда өмір сүрсе, негізінде ол адам бақыттың ең керекті дүниелерін иеленген болады. Енді барлық адамға бұл айтылған нәрселер бақытты болуға аздық етуі де мүмкін. Онда тұрған артық ештеңе жоқ.

Зерделесек, толық бақытты болу алдымен адамның санасында «мен бақыттымын» деген бағдарлама орнатып алып, басқа дүниелерге назар аудару қажет. Адам өмірінің сапасы 5 нәрсемен өлшенеді: денсаулығы, білімі, көңіл күйі, рухани жан дүниесі және материалдық жағдайы. Осы 5 нәрсе адамда болғанда, ол адамның өмірі сапалы болғандықтан, бақытты болуы да мүмкін.

Айта берсек, адамның бақытты болуына керекті дүниелер көп. Бірақ сол дүниелер адамның қолына түсе бермейді. Қолда бар дүниеңе қанағат етіп, жетіспегенін қолыңа түсіру үшін, талмай еңбектенсең, өзің ойлағандай нәрселер қолыңа түсетіні анық. Бастысы: дәл қазіргі күніңе шүкіршілік ете біліп, алдыға үнемі жылжып отырсаң – бақыт бұйырған тұлға болғаныңыз. Кез келген қымбат дүниелер көп еңбекті талап ететіндіктен, ол адамның қолына түсе бермейді. Бірақ сіздің қолыңызға түсу мүмкіндігі бар. Себебі сіз сол дүниелердің құнын төлесеңіз болғаны.

Анығы сол, адам алдымен санасына «мен бақыттымын» деп және қазіргі күніне шүкіршілік етіп, үнемі алдыға жүрсе, ол адамға бақыт бұйырған. Себебі «қанағаты бар адамға бақыт бұйырған».       

Қолындағы барға қанағат ететін адам – шын бақытты адам және «біз адал еңбегімізбен күнелтіп отырмыз» дей алатын адам – шын бақытты.

Ян Амос Коменский  

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 149 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: