20:21
Жетістіктің жүз қадамы

94-ҚАДАМ: КӨРЕ АЛМАУШЫЛЫҚ ҮЛКЕН ДЕРТ. САҚ БОЛЫҢЫЗ

Көре алмаушылық – адам өміріндегі үлкен дерттердің бірі. Көре алмаушылық дерті бойына тараған адамның жетістікке жетуі екіталай. Себебі бойындағы күшінің көбісін мақсатына жетуге емес, айналасындағы адамдардың жеткен жетістіктерін қызғанып күшін соларға жұмсатыны да бар. Көре алмаушылық дерті бойына тараған адамға да өмір қуана көмектеспейтіні анық. Басқа адамды шектен тыс көре алмаушылық адамгершіліктің төменгі сатысы деу орынды. Осы көре алмаушылық дерті арқылы адам өзіне де, айналасындағы басқа адамдарға да зиянын тигізетіні белгілі.

Көре алмаушылық деген нәрсе қайданпайда болады деген сұрақ мазалайтыны анық. Әлемге танымал бизнес тренерлер, мотиваторлар, философтар, бизнесмендер осы секілді тұлғалардың кітаптарын, мақалаларын оқи келе түйгеніміз: көре алмаушылық деген басқа біреудің атқрып жатқан жұмысына қызғаныш сезімі. Бұндай қызғаныш сезімі әдетте бойында жалқаулығы басым, жаңаша ойланғысы келмейтін, бір сөзбен айтқанда, пессимист мінезді адамдарда болатынын байқадық. Әдетте оптимист мінезді адамдарда көре алмаушылық дерті болмайды. Себебі олар өзінің атқаратын жұмысына сенімі мол, еңбекқорлығы мол, әрдайым мүмкіндіктерді қарастырып жүргендіктен олар жетістікке де көп жетеді. Осы жетістікке жету жолында айналасындағы адамдарға қызғаныш сезімін бөлуге де уақыт таппайды немесе қаламайды да. Себебі өзінің жоспар құрған белгілі бір ісі бар. Сол ісімен шұғылдану арқылы жағымсыз әдеттерден де адам абалсы аулақ болмақ.

Көре алмаушылық дертінен кез келген адам айыға алады. Бастысы: ниеті болса болды. Ниеті бар адамда еңбекқорлық та, жаңаша ойлау да, жолының жеңіл болуы да пайда болады. Бастысы: әр жақсылыққа ниетіңіз болса, ары қарай іске кіріссеңіз, жол өзі ашыла беретіні анық.

Көре алмаушылық дертінен айығудың бір жолы оптимист мінезді адам болу. Оптимист мінезді адамдар дегеніміз бойында еңбекқорлығы басым, жаңаша ойлауы бар, әр істе мүмкіндікті қарастыра біледі, өзіне сенімді, алға қойған жоспарлары бар адамдарша қимылдап осылар секілді болған адамның бойында, көре алмаушылық дерті жойылатыны анық.       

Өмірдегі ең үлкен қайғылардың бірі – көре алмаушылық.  

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 166 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: