11:25
Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!
Келіп қалған үр Жаңа жыл барша қауымға абырой, даңқ, береке, табыс, асқан адамгершілік сыйластық һәм өмірге деген алапат құштарлық әкелсін деген игі тілекпен қатар, ғұмырды көгертетін осынау батаны қабылалыңыздар:
Бүгінгідей ашық күн жайнай берсін көгімде,
Осы күннің астында гүлдей берсін елім де.
Жүрсін дәйім бақыт қана серік боп,
Тұрсын дәйім қуанышы көрік боп.
Ұлы өмірдің өзіндей жайнай берсін жасымыз,
Енді қайғы көрмесін ақ қыраулы басымыз.
Барлық халық тең болсын,
Бір-бірімен қуанышта, дос-туысқан ел болсын.
Арандатқан адамды - алауыздық жойылсын,
Мал-басымыз мол болып, ел ырысқа тойынсын.
Күніміз ұлысты болсын,
Жеріміз ырысты болсын.
Өрісіміз малға бай, дүбірлі болсын,
Келіндеріміз жанға бай, үбірлі-шұбырлы болсын.
Ер жігіттің ту етер ар-тұрағы,
Қанат беріп түлетер арғымағы болсын.
Әумин. 
Просмотров: 1091 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: