20:43
Уақытыңды басқар

УАҚЫТ ХАҚЫНДА ТҮЙІН СӨЗ

Уақыт – шартты түсінік, оның нақты пішіні жоқ. Уақытқа қадір-қасиет, жан мен рух беретін нәрсе – сол уақыт ішінде атқарылған істер. Мысалы, біз «аср сағадат» (бақыт ғасыры) деп белгілі кезеңді қошеметтеген кезде негізінде қандай да бір уақытты емес, сол уақыт ішінде өмір сүрген жандар мен ол кісілердің атқарған істерін назарға ала отырып «бақыт ғасыры» деп атаудамыз. Уақыт тек қана сол кезеңде атқарылған істер арқылы белгілі бір бояуға еніп, құлпырып сала береді. Солайша толыққанды өткізілген уақыттың әрбір сәті басқаларының жүздеген жылына татитындай бола алады.

«Күнтізбенің сізді алдап соғуына жол бермеңіз. Бір жылда сіз пайдалы етіп өткізген күндер ғана бар. Кейбіреулер бір жыл бойы бір аптада-ақ үлгеретін іспен айналысады. Ал басқалардың бір аптада жасаған ісі жылға татитын болады».

Чарльз Ричардс

Сонымен, уақытқа шынайы пішін беріп, оны қадір-қасиетке ие қылу адамдардың ол уақыт ішінде атқаратын істеріне тура пропорционал.

Біздің 24 сағаттық қазынамыз бар. Сол 24 сағатты соңғы күніміз болуы мүмкін деген түсінікпен қолға алып, оны намазға байланысты реттеп, әрбір бөлігін толы өткізуге тырыссақ, сонда шынайы құндылыққа ие болған болады. Сол кезде бүкіл өміріміз нұрға бөленіп, нағыз мәңгілікке лайықты түрде өтетін болады.

Егер адам уақытын осылай тиімді өткізе білсе, бір жағынан уақыт құндылығын түсініп, оның қадірін білгенін шынайы дәлелдейді. Солайша бір күн қалай ізгілікке толы өтетін болса, апта бойы да сондай жақсылықтарға кенелетін болады. Артынан нұрланған ай және сондай айлардан құралған нұрлы жыл келеді. Сонда адамның бар ғұмыры бір күнді қалай өткізгеніне байланысты болмақ.

Тайм-менеджмент табиғатымыздың бір бөлігіне айналған уақыта біз де соған қарай бейімделіп, оның әрбір бөлігін тиімді өткізуге бар жанымызды салып, бір сәттің де жансыз өтуіне рұқсат бермейтін боламыз.

Өткені бар, бүгінгісі бар, ақылды жандар қысқа ғана уақыт бөліктерін тиімді пайдалана отырып, бүкіл өмірлерін нұрландыра білген.

Күнімізде осы таптырмас құралды мұсылмандарға қаағанда батыстықтардың көбірек қолданып, уақыт мәселесінде қырағылық танытып отырғанын жоққа шығара алмаймыз. Алайда өткен кезеңдердегі мұсылман атаулы уақыт жайын дұрыс ұғынып, мұқият болғанын тарих беттері дәлелдеп отыр. Соны қорытындылайтын бір мысал келтіре кетуді жөн көріп отырмыз.

Ислам үйреткен уақыт тиянақтылығы

Германияға тіл үйренуге барған бір кісі әңгімелейді:

«Неміс тілінен сабақ беретін мұғалім уақыт мәселесіне келгенде өте тиянақты болатын, ешкімге жеңіл қарамайтын. Кімнің қанша минут кеш келгенін белгілеп отырып, дәрістен соң оларды сонша минут оқытып жіберетін. Әрине, оның бұл ісі бізге онша ұнай қоймайтын.

Бір күні он сегіз минут сыныпта қалып дәріс оқу жазасын алған бір жолдасымыз ұстазға қарсы шығып ашуланды. Ұстаз оған былай деді:

«Жолдастар! Сендер уақытты дұрыс пайдаланбайсыңдар. Онымен қоймай маған ренжисіңдер. Бірақ мен дұрыс істеп жатқаныма сенемін».

Содан соң сөмкесінен пойыз кестесін шығарды.

«Өтінемін, мынаған назар аударыңдар!» - деді.

Пойыздардың жүру және жету уақыттары 7:17, 11:43, 15:19, 19:31 секілді минут-секундына дейін есептелген болатын. Бұл уақыттардың неге бұлай жарым-жарты қылып белгіленгенін сұрап едік, ұстаз былай деді:

«Пойыздың жүру кестесі Исламның уақыт түсінігіне байланысты түзілген. Біз уақытты пайдалануды мұсылмандардан үйренгенбіз. Сендердің құлшылықтарыңда орын онша маңызды емес. таза болса болғаны, дүниенің кез келген бұрышында құлшылық жасауға болады. Бірақ уақыт өте маңызды. Өйткені әр ғибадаттың өзіне арналған белгілі уақыты бар. Тіпті уақыт ғибадаттың шарты болып саналады. Яғни, уақытсыз, бейуақта ғибадат жасасаңыз, ол қабыл болмайды. Ғибадаттардың уақыты да пойыздың кестесі секілді ылғи 18:17, 13:11 дегендей минут-секундына дейін белгіленген сандар болып келеді.

Адам баласы өзінің қолындағы бүкіл дүниесін бодау қылып берсе де, ажал келісімшартының мерзімін бір секундқа да ұзарта алмайды, оны кері жылжыта да алмайды.

Оның үстіне бұл сағаттар үнемі ауысып отырады. Бүгін таң намазын 6:22-ге дейін оқуыңызға болады. Бірақ ертең 6:21-ге ейін ғана оқи аласыз. 23 минут өткенде оқи алмайсыз. Тек намаз ғана бұлай емес. оразаның басталуы мен аяқталу сағаттары да осы секілді.

Ал енді бұл неге осылай? Мұның қандай пайдасы бар? Осының арқасында мұсылман күн сайын ауысып отырған уақытқа көңілі ояу болып жүреді. Осы арқылы уақыттың қадірін біліп, оны тиімді етіп пайдалануға әзірленеді. Ғибадаттарын үнемі тәртібімен орындап жүрген әр мұсылман күнделікті ауысып отыратын уақытпен бірге жүріп, өмір сүруге мәжбүр. Міне, біздің уақытқа деген көзқарасымыздың қайнар көзі – Исламның осындай сезімталдығынан бастау алған».

Міне, күн намаз уақыттарына бөлініп, әрбір азан арқылы бір уақыттың келмеске кетіп, екінші бір уақыттың есік қаққаны еске салынып, уақыттың қадірін білу жолы көрсетілуде, қараңғылық біткен жойылып, нұрға бөленген жолға, пайғамбарлар жүріп өткен даңғылға бағыттауда. (жалғасы бар)

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 111 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: