19:30
Уақытыңды басқар

БАРЛЫҒЫ ОЙДАН БАСТАЛАДЫ

Әмбебап қағида: сіз уақытыңыздың көп бөлігінде не ойласаңыз, соған айналасыз.

Жолы болмайтын жандар не жайлы ойланады? Соңынан қалмайтын қиындықтар жайлы ойланады. Және оған кінәлілерді іздеумен болады.

Ал табысты жандар мақсатына жету жолындағы әрекеттері ен туындаған мәселеелердің шешімі жайлы ой жүргізеді. Олар әрдайым «не ойласаң, сол болады» деген қағиданы естерінен шығармайды.

«Амалдар ниетке байланысты».

(хадис)

Адамның уақыт бөлетін істерінің бірі ойлану болғандықтан, не ойлайтынына аса мән беруі қажет. Ойлану арқылы адам баласы көп жайттың юасын ашып алуына болады. Ең алдымен, ақиқатқа, Жаратқанның ұлылығына, жаратылысқа ой жүгіртіп, тәфәккур ету (терең ойлап) адамды Аллаға жақындата түсіп, мол сауапқа кенелтеді. Одан соң ойы мен біліктілігін шындай түсіп, өз ісінде жетістікке жетуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар «жақсы сөз – жарым ырыс» демекші, жақсы ой да адамды жақсылыққа жетелей түседі. Себебі Алла Тағала құлы Өзі жайлы қалай ойласа, сондай болып қарым-қатынас жасайтынын айтқан болатын. Адам баласы ойымен не тілімен шүкір етп жүретін болса, Алла жақсылығын арттыра түседі, керісінше шағымданудан шаршамайтын жанға азабының қаттылығын көрсетіп, бар жақсылықтан мақұрым қалдыратынын да Құранда айтып өтеді.

Ибн Қайюм ең ізгі әрі пайдалы ойдың Алла және ақырет үшін екендігін айтады. Сондай ойлардың да түрінің көп екендігін айта келе, бесінші түрін былай баяндайды: «Уақытты дұрыс пайдалану, уақыт өрісі мен алдымыздағы міндетке бар зейінімізді оғырландыруға күш салу жайында ойлану қажет. Себебі ақылды адам – әрдайым уақыттың маңызын есте ұстаған жөн. Егер ол йдан ауытқитын болса, барлық қызығушылығынан айырылады. Өйткені қызығушылықтар уақыт арқылы ортаға шығады. Ал уақытты жоғалтатын болса, оның орнын толтыру мүмкін емес».

«Ішкі тәртіп пен уақытты жоспарлау үйлесімділік табуы қажет».

Дэн Кеннеди

Күнделікті бітпейтін тірліктер, алаңдатушы жайттар, теледидар мен байланыс құралдары, адамдармен сұхбат біздің санамызды жаулап алғаны соншалық – бір сәтке тоқтап, не істеп жүргеніміз бен айналамызда не болып жатқаны жайлы ойлануға мүмкіндік бермеуде.

Ойлану мен пікірлеуге қаншалықты көп уақыт бөлсеңіз, соншалықты біліміңіз тереңдеп, ақылыңыз арта түседі. Солайша сіз барынша саналы түрде шешім қабылдап, жиі қателікке ұрынбайтын боласыз.

Ал адам баласы әрбір ісін ой елегінен өткізіп, әрдайым өз-өзіне есеп беріп отыруы қажет. Мұсылман адам ақыретте есепке тартылатынын есте ұстап, әрдайым өзін есепке тартып жүруі қажет. Күнделікті ұйқыға кетер алдында бір ауық осылай есеп беруге өзіне уақыт арнағаны дұрыс.

«Есепке тартылудан бұрын өздеріңізді есепке алыңыздар. Амалдарыңыз өлшенбей тұрып өлшеп алыңыздар. Өйткені өздеріңізді бүгін есепке тартуларыңыз ертеңгі есептен жеңіл».

Омар ибн Хаттаб

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 154 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: