20:18
Уақытыңды басқар

МАҚСАТСЫЗ ӨМІР – АДАМ БАЛАСЫ ҮШІН ЕҢ АУЫР ҚАСІРЕТ

Өмірлік мақсатын анықтаған, қандай шыңдарды бағындырғысы келетінін анық білетін адамдардың саны өте аз. Бұл ащы шындық нақты мақсатын белгілемеген адамның жанын жегідей жейді, құтын қашырып, ынтасынан айырып, өмірдің қызығынан құр қалдырады. Ондай жанға өмірде еш нәрсе септігін тигізе алмайды. Мақсатсыз өмір адамды күйзелске ұшыратады.

«Қайда жол тартқанын білмейтін кемеге ешқандай жел көмектеспейді».

(Қытай мақалы)

Мотивациясыз адам тіпті уақытын қалай және неге өткізіп жатқаны туралы ойланбайды да,бұрын қалай өмір сүріп келсе, солай жалғастыра береді. Адамдардың көбіне өмірдің ағысымен ғана өздері ешбір күш жұмсамай өмір сүре беру тән, осылайша өзгеру сәті келіп, саналары соны сезген кезге дейін жалғасады.

«Ол ешқашан өз өмірін өз қолына алуды қаламаған адамадрдың бірі болатын. Оның өз-өзіне соқтығысып, жай ғана ағыспен жүре беретіндігі, өзінің сәтсіздіктеріне әрдайым түрлі сылтаулар тауып, жауапкершілікті өз мойнына алудан бас тартатындығы өкінішті шындық еді...

Көптеген адамадр дәл осылай өмір сүреді. Құдды бір өзі өмір сүрмей, жай ғана өмірдің жанынан өтіп бара жатқандай. Бір күннен екінші күнге ауысып кете барады. Олардың жетістікке жетсем деген өмірлік армандары жоқ деуге де келмейді. Бірақ ол армандары өздерінің жалқаулығы мен әрекетсіздігін ақтап алуға тырысқан сылтауларының құрсауынан шы алмауда. Солайша армандарына қол жеткізудің мүмкін екендігін енді ойлай бегенде өздерін сендіріп алатын сылтаулары жолдарына кесе-көлденең тұра қалады.

Мұндай жандардың алдында әрдайым кедергілер тұрады да қояды: жыл мезгілі сәйкес келмейді, шұғыл түрде көлігін жөндеу қажет боады немесе алдыңғы күні қатты шаршаған еді. Олар осылай деуде, алайда бар шындық олардың жолында тұрған жалғыз кедергінің өздері екендігіне келіп тіреледі».

Чак Норрис

«Қалаған адам жолын іздейді, қаламаған адам сылтау іздейді».

Жолы болмаған бейшара ағыспен өмір сүріп, қолайсыз жағдайларды айтып өзін ақтаумен болады, ал табысты жан саналы түрде армандарын жүзеге асырады. Тайм-менеджмент барша мүмкіндіктерімен сондай жан үшін әмбебап құрал болып табылады. Себебі өмірдің өлшемі ұзақтығында емес, оны сіздің қалай өткізгендіңізде.

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

                                                                                      

 

Просмотров: 161 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: