13:12
Тәуелсіздік тағылымдары

ТҰҒЫРЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІК

 

Тәуелсіздік – ежелден-ақ аңсауымыз,

Күлтегін, Едіге көтерген Көкбөрі туымыз.

Айбыны түріктердің айшықталған,

Жығылмайтын, асқар, биік тұғырымыз.

 

Тәуелсіздік – Талас, Тұран даласы,

Ертіс, Еділ, Жайық, Сыр, Шу саласы.

Айбары қазақтардың айқындалған,

Шын өзегі, бар ма біреудің таласы?!

 

Тәуелсіздік – Жәнібек, Керей, Қасым, Берке,

Хақназар, Есім, Абылай, Тәуекел, Тәуке.

Құдіретті қазағымның Хандығы,

Алтын заман – тірлігі нық береке.

 

Тәуелсіздік – Әбілқайыр, батыр Сырым,

Исатай, Кенесары, баһадүр дүйім.

  Жанға батқан бодандыққа бой бермеген,

Амангелді, Бекболаттай бірегейім.

 

Тәуелсіздік – ардақты Алаш арманы,

Зиялылар бола білген әз құрбаны.

Ұлы жолда бойындағы барын салған,

Асқаралы арыстар – Егеменді ел ұланы.

 

Тәуелсіздік – мұз алаулы Желтоқсан,

Қайрат, Ләззат жалындатқан күш орасан.

Шашау етпей, Еркіндікке қол жеткізген,

Елбасы, Ұлт көшбасшысы Әбішұлы Нұрсұлтан.

 

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ тұғырымыз,

Еркін Қыран, алтындайын Күн-нұрымыз.

Мәртебесін өркендеумен аспандатқан,

Қазақстандықты рухтандырар байрағымыз!

 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ЖОББМ оқу-тәрбие істері меңгерушісі,

«Нұр Отан» партиясының «Бесқарағай» БПҰ төрайымының орынбасары   

Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 785 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: