14:12
Риясыз рух

АДАМ – ТРАНСЦЕНДЕНТТІ БОЛМЫС

Адам – ғаламның мазмұны, тіршіліктің өзгеі. Тіршілік тұтастай адамның төңірегінде топтасқан. Ұлы Жаратушы белгілі бір деңгейде барша тіршілікті адамға тәуелді қылған. Ал адамның өзі – Жаратушыға тәуелді.

Жаратылыстың ішкі мәнін ашатын да – адам. Адам баласы ғана «Алла –Ғалам – Адам» ьайланысының ішкі мазмұнын сезініп, түсіне біледі, сонан соң осы қасиетті ізгілікпен ұштастыра алады.

Ислам көзқарасында адам – қос табиғаттан тұратын тарнсцендентті болмыс. Оның бірі – тән, яғни материалдық дене, екіншісі – рух, яғни жан.

Тән – топырақтан жаралған. Ал жан болса, Алла тарапынан үрленген рух. Рух – Алла тарапынан үрленгендіктен трансцендетті сипатқа ие. Адамның осы екі қыры да өте көркем әрі кемел бейнеде.

Адам тәндік тұрғыдан дүние заңдылықтарына тәуелді. Ал оның рухани болмысы, бізге беймәлім тылсым әлеммен байланысып жатқан сырға толы құпия қазына.

Әлемде адам секілді жаны мен тәні бірге қоса кемел жаратылған басқа бір жаратылыс жоқ. Мәселен, хайуанды алып қарасаңыз, тән қуаты жоғары болғанымен, жан қуаты төмен. Сол секілді рухани жаратылыс болып есептелетін періштелер де тәндік қалаулардан ада. Осы себепті де адам өзге жаратылыстардан дәреже тұрғысынан үстем болып келеді. Адамның осындай биік дәрежесіне бола періштелер оған құрмет сәждесін жасады. Құранда да адамның трансцендентті болмыс екендігінің ақиқаты былайша баян етіледі: «Біз адамды құрғақ, күйдірілмеген әрі кескінделген қара балқытан жараттық. Ал жындарды оған дейін терідегі ұсақ саңылаулардан тәнге еніп кете алатын түтінсіз оттан жараттық».

Аятта адамның физиологиялық қыры топырақтан жаратылғандығы баян етілген. Адамның топырақтан жаралған қыры – оның тәндік қалаулары мен ішіп-жеу секілді әртүрлі іс-әрекеттері нәтижесінде ортаға шығады. Алайда топырақтан болған қыры адам болмысына трансцендентті сипат дарыта алмайды.

Сол себепті бұл аяттан көретінімз, адам топырақ күйінде болған кезде өзінің толық бейнесін әлі ашқан жоқ. Сондай-ақ оның рухсыз, топырақ күйіндегі кейпіне періштелер тарапынан ешқандай құрмет орын алмады. Адамның нағыз бейнесі Алла тарапынан рух үрленген кезде барып көрініс берді. ол Құранда былайша баян етіледі: «Оған толыққанды (ең көркем) кескін-келбет беріп, ішіне Өз Рухымнан үрлегенімде (яғни рухты жаратып, оған жан бітіргенімде) оған бірден (сый-құрмет көрсетіп) сәжде етіңдер», - деген еді. Сонда барлық періштелер бірден сәжде етті». («Хажр» сүресі, 26-30 аяттар)

Мінеки, адамның трансцендетті, яғни ақыл шеңберіне сыймайтын ғажайып жаратылыс екендігі осы аяттан байқалады. Алла тағала адамды топырақтан жаратып, оған рух үрлеген уақытта, адамның қадір-қасиетін бүкіл әлем таныды. Барлық періште адамға құрмет сәждесін жасады.

Адамның рухани қыры; рухани қуат күшіне тән иман, ар-ұждан, ілім, таным-түсінік, қабылдау, ой-сана, сондай-ақ т.б. әртүрлі рухани құндылықтар мен сезімдер аясында көрініс табады.

Бұдан біз мынадай тұжырым жасай аламыз:

  1. Адамдағы әндік және рухани қуат оның топырақтан және рухтан болған болмысынан бастау алады. Сол себепті оны кейде тән қалауларына бой алдырып, хайуани деңгейге төмендегенін, не болмаса рухани байлыққа басымдық беріп, рухани тұрғыдан биіктегенін көреміз.
  2. Адамның топырақтан және рухтан болған екі болмысы бір-бірімен өте тығыз байланыста. Бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды. Бірі екіншісінен ажыраған уақытта адамның өмір сүруі тоқтайды. Бірақ сөйте тұра екеуі де өздеріне тән қызметтерін атқарады.
  3. Адам – өз болмысындағы екі қырына да тиісінше мән беруі тиіс. Біріне басымдық беріп, келесі бірін назардан тыс қалдыруға болмайды. Әйтпеген жағдайда адам өзінің толық кемелдігіне қауышу мүмкіндігін жоғалтып алады. Өйткені рух – Алла тарапынан үрленіп, трансцендентті сипатқа ие болғанымен, оның кемелдікке жету кеңістігі – тән. Әбу Зайд ал-Балхи: «Адамның тіршілік қуаты – жан мен тәннің үйлесімді іс-әрекетінде. Осы үйлесімділік оған адамша іс-әрекет жасауға мүмкіндік береді. Бұл болмаса, адамның тіршілігі тоқтайды. Мәселен, дене ауруға шалдығып қиналса, бұл харекеті мықты деген адамның өзіне, оның ақылына, бір нәрсені дұрыс қабылдауына, өз міндетін дұрыс орындауына кедергі келтіреді. Ал жан қиналса (қандай да бір психологиялық ауру себепті), дене өзінің табиғи жағдайын жоғалтып, өмірдің бақытсыз арнаға бұрылғанын байқайды және уайымға салынады», - дейді. Ислам діні адамды өз болмысына қатысты осы тепе-теңдікті сақтауға үндейді.

Алла елшісі (с.а.с.) – Әбу Дарда мен Амр ибн Асқа (р.а.) айтқан кеңесінде осы тепе-теңдікті сақтауға шақырып: «Біліп қойІ дененің сенде ақысы бар», «Раббыңның сенде ақысы бар. Нәпсіңнің (жаныңның) сенде ақысы бар. Әйеліңнің де сенде ақысы бар. Әрбір ақы иесіне – ақысын бер!» - деген.

Демек, адам тұлғалық кемелдігін толық жүзеге асыруды қаласа, өз болмысындағы осы тепе-теңдікті сақтауы тиіс. Сол кезде «кәміл адам» концепциясы мен оның рухани әлеміне қатысты «кәміл иман» мәселесі өз орнын табады.

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 93 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: