00:21
Отбасы күні

ҚАЗАҚЫ ҚҰРМЕТ ҚҰДІРЕТІ

Отан болудың бірегей алғышарты болып табылатын отбасы қай ел, қай қоғам һәм қай заманда болсын асыл қазына ғой қашанда. Заңды неке бол, азаматтық неке бол – тек Отанның тұрақты ұяшығындай ел іргесін нұрландырсын.

Әлқисса, ен де дарқан елімізде, қасиетті жерімізде отбасы күні аталып өтілуде. Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім-жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады», - деген қанатты сөзі отбасының салмағын қай қырынан болсын құдіреттей түседі. Бұдан былай әр жылдағы қыркүйек айының екінші жексенбісін еншілеген осынау мереке сондайма әлеуметтік-қоғамдық маңызға ие болады енді.

Басқасы басқа, Бесқарағай ауылында аталмыш мейрамға орай салтанатты жиын Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің алдында Денсаулық фестивалімен сыбайласа ұйымдастырылды. Қызылағаш ауылдық округінің әкімі Ж.Ш.Байтілеуова ауылдың он бала я одан артық бала өсірген «Алтын алқа» иегерлері болып табылатын М.Жанпейісова, А.Голикова, Т.Қалымова, Б.Ибрагимова, З.Исабаева және басқа да ана-әжелерге Лебяжі ауданы әкімі А.А.Құрманованың құттықтауы мен естелік сыйлықтарын табыс етті. Көркем түрде мейілінше безендірілген құттықтауда Айзада Амангелдіқызы аудандағы көпбалалы аналарды былайша құрметтеуде: «Отбасында әр адам ер жетіп өседі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Сіздерді тұңғыш рет тойланып отырған Отбасы күні мерекесімен шын жүреткен құттықтаймын! Шаңырақтарыңыз бай-қуатты, іші тату,сырты қауіпсіз, өмірі бейбіт, бар мүшесіне бақытты болуына тілектеспін». Асылында, алып-қосары жоқ жүрекжарды тілек қой.

Өзгелерге ұдайы үлгі-өнегелі отбасылармен өмір-өзеннің өрлеу-өркендеуі, өсіп-өнуі өзінше өрнектеледі. Осынау отбасылармен ортамыз ортаймасын.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ЖОББ мектебі оқу істері меңгерушісі, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 1174 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: