13:28
Ұлы Дала елінің қазынасы

ҚАЗАҚТЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫП, ЖӨН-ЖОСЫҚТАРЫ

  • Ертеде қарабет болған әйелдің бұрымын кесіп жазалаған. Бұрын қазақ арасында бұрымсыз әйел мүлде болмаған.
  • Малдың өрісін, жусауын, тынысын бұзғанға айып салынған.
  • Қасқыр ішікті адамның жанындағы кісі суыққа үсіп өлсе, ішікті құн төлеген. Өйткені бір қасқыр ішік екі адамды суықтан сақтай алады.
  • Бір кісінің екі қызын қатар әйелдікке алуға рұқсат етілмеген. Егер алған әйелі қайтыс болса, екіші қызын алуға болады.
  • Үйге келген кісіге «сен кімсің?» демейді, ықылас білдіріп, төрге шақыру – ата дәстүріміз.
  • Қонақтың көлігін мінбейді, ұнамды затын сұрау қазақ әдетінде жоқ, ұят іс болады.
  • Қонақ келгенде үй сыпырмайды, балаларына ұрыспайды, үй иелері ренжіспейді.
  • Қонаққа ренжу ұлт әдетінде мүлде жоқ.
  • Қонақтың киімін кимейді.
  • Сапарға шыққанда «пәлен уақытта келемін» деп жол кеспейді.
  • Күйеу бас ұстамайды.
  • Күйеу мен қыздың төл сыбағасы – төс пен асықты жігіт.
  • Жасы үлкен болса да әкесі бар адам бас ұстамайды.
  • Құлаған үй ішіне, мал қорасы ішіне дәретке отырмайды, киесі соғады.
  • Кешке, түнде ауру-сырқат адамның көңілін сұрамайды.
  • Кедей-кепшікті, жетім-жесірлерді демеу үшін бұрынғы байлар мен мырзалар шүлен таратып, оларға мал-мүлік, азық-түлік үлестірген.
  • Ең жақын туысы, ілігі қайтыс болғанда жол-жөнекей айта салмай, жөн білетін кісі әдейі барып естіртеді.
  • Жаңа түскен келінді күйеудің туыстары арнайы «үй көрсетуге» шақырады. Оған дейін келін ол үйлерге бара алмайды.
  • Күйеуді қыздың (келіншектің) туыстары да үйіне шақырады. Оны «есік ашар» деп атайды.
  • Қонаққа үй иесі аттанарда «бұйымтайыңыз бар ма?» деп сұрайды. Бұл «тілегіңіз, қалағаныңыз бар ма?» деген сөз. Қонақтың тілегін орындау парыз әрі құрмет.
  • Батыр, ақын, әнші және сол сияқты көпке белгілі, құрметті адамдардың отырған орнына қазақтар жас балаларын аунатып, сондай болсын деп тілек тілейді.
  • Шалбарды отырып, оң аяқтан киеді, сол аяқтан шешеді.
  • Құрдас адамдар қалжыңдасып, әзілдесіп отырады. Мұны ерсі санауға болмайды. Құрдастық қалжың басқа халықтар дәстүрінде жоқ, тек қазақтарда ғана бар.
  • Кәрі кісілерге жұмсақ, дәмді тағамдар даярлап апарып сыйлайды. Мұны «бел көтерер» деп атайды.
  • Қыз алған жақ қыздың анасына «сүт ақы», әкесіне «жігіт-түйе» деген тарту жасайды. Ол қымбат киім, кілем, ат т.б. болуы шарт.
  • Халықта «астың аласы жаман» деген сөз бар. Дастарқан үстіндегі адамдарға тамақты бірдей бөледі.
  • Жас босанған әйел итке «кет» десе, оның тісі түсіп қалады деген халық жорамалы бар.
  • Аққуды атпайды. Ол өте киелі құс, киесі соғады.
  • Ауыл жанындағы суда жүрген құсты атуға, үркітуге болмайды.
  • Балапан шығарған құсты атпайды.
  • Құс ұясын бұзбайды, құмырсқаның илеуін баспайды.
  • Ел су алып отырған жерге шомылмайды.
  • Су алатын жерге дәретке отырмайды, кір жумайды, күл төкпейді.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 939 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: