14:33
Ұлы Дала елінің қазынасы

ҚАЗАҚТЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫП, ЖӨН-ЖОСЫҚТАРЫ

  • Елшіні өлтірмейді. («Елшіге өлім жоқ» деге сода қалған).
  • Тойға, қуанышқа барғандар құр қол бармайды. Той жасағандарға «тойхана», сый-сияпат, мүшелтойға сыйлық, үйлену тойына «немеурін», құдалыққа «киі» апарады.
  • Көіп келген отбасына «ерулік» береді.
  • Көшкен отбасы «айрылысар көже» береді.
  • Келген кісілерге үй иесі өкпесін айтпайды.
  • Қонаққа шақырғанда сол қонақтың өз баласына шақырту сыйлағандық емес.
  • Алыс сапарға аттанғандар, емделушілер елдің сыйлы ақсақалдары мен аналарынан бата алады. Қарашаңырақтан, әулие-әнбие орындарынан дәм татады.
  • Сәрсенбі сәтті күн. Қазақ игі ісерді, қызық-қуанышты осы күні бастайды.
  • Сейсенбі сәтсіз күн. Сапарға шықпайды, іс бастамайды.
  • Бейсенбі, жұма исламның қасиетті күні. Бұл күні әр адам әруақтарды еске алады, дұға бағыштайды.
  • Қазақтар әр кезде жылы, сыпайы сөйлескен.
  • Ұлт мәселесіне қатысты әрбір іс халықтың дәстүр-салына сәйкес жасалуға тиіс.
  • Қызы босанғанда анасы кәде-жорасымен барып, қызының жанында болып, ақыл-кеңес береді.
  • Әкеңнің ағасы саған да әке болып саналады. Әкеңнің құрдасын да әке деп қабылдауың керек.
  • Жылқыны жүгенмен ұрмайды. Өйткені жылқы қасиетті мал, малдың басы кемиді.
  • Басқа малдай емес жылқының басын бөлмей пісіреді. Асқа, жаназаға сойылған жылқы мен түйенің басын қайтыс болған кісінің қабіріне апарып қояын да дәстүр бар.
  • Қазақ әйелдері барған үйіне құр қол келмейді. Сол сияқты отанасы да оны бос жібермейді, сый-сияпат ұсынады.
  • Қазақ қонаққа келген үлкен кісілерге сый-сияпат, балаға көгендік беріп аттандырады.
  • Жеті атаға толмай некеге рұсат етілмейді. Бұл ұлт дәстүрінде туыстық қалыпты сақтау, қоғамдық ісмтерде ұрпақ денсаулығының жақсы болуы үшін жасалған.
  • Бұрын жалғыз ұл соғысқа алынбаған. (Бұл шаңырақты сақтау үшін белгіленген).
  • Баланың кіндігін кесу инабатты, жақсы әйелдерге тиген.
  • Жиеннен нағашының жолы үлкен. («Нағашымен күрескен жиен жығылады» деген осыны білдіреді).
  • Өртте, індетте, апатта мал-мүлкі шығын болғандарға бүкіл ауыл, туған-туыстар міндетті түрде көмек көрсетеді. Адамдардың ынтымағы осындайда көрінеді.
  • Сырттан қосылған малды ел-жұртқа хабарлайды. Мал иесі сүйіншісін беріп, малын әкетеді.
  • Араздасқанды ел ағалары (ақсақалдары) татуластырады.
  • Үйге келгендер қамшысын екі бүктеп ұстайды.
  • Оттың орнын аттамайды.
  • Қарашаңырақ кенже ұлға қалады. Әке-шешені бағу да осы кенженің міндеті.
  • Үйленген ұлдарға әке-шеше енші беріп, бөлек шығарады.
  • Енші алған балалары әке-шешелеріне, жақын туыстар, үлкендеріне қыстан сыбаға жібереді.
  • Жиендік жасап, «жиенқұрық» алып кеткендерге ренжу дәстүрде жоқ.
  • Асарға, үмеге шақырғанда қалыс қалу өте ұят.
  • Туыс, ілік адамдар қуанышты, қазалы күндерді бірлесіп көтереді, ат салысады, көмек береді және осы іске араласады.
  • Емге сұраған за сөзсіз беріледі. Өйкені ол денсаулық, өмір үшін сұрап отыр. Зәру затты «емге сұрасаң да табылмайды» деген сөз осыдан шыққан.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 654 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: