13:53
Конституцияға құрмет көрсетілді

АТА ЗАҢЫМ!

Биыл еліміздің Ата Заңы – Конституцияның қолданыста жүргеніне он сегіз жыл толды. Қазақстан Республикасының әр тұрғыны үшін осынау өмірлік құжаттың маңызы мағыналы ғой қашанда.

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде «Ата Заңым» атты мерекелік салтанат өткізілді. Аталмыш шара барысында Қызылағаш ауылдық окрігінің жуырда ғана сайланған үр жаңа әкімі Ж.Ш.Байтілеуова, Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің директоры А.М.Белгібаева ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап, жүрекжарды тілектерін жаудырды. Жанат Шоқанқызы тақырыптық аясы кең құлашты баяндамасын көрермендерге оқып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қосып келе жатқан бірқатар бесқарағайлықтарға Құрмет грамотасымен салтанатты түрде марапаттады.

Концерттік бағдарламада Бесқарағай ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ә.Темірғалин, көркемөнерпаздар Л.Қ.Сейітова, Б.К.Ибраһим туған жер, атамекен, Астана тақырыптарын паш еткен ұлтжандылық-патриоттық әндерден шашу шашты. Осылайша бұл ауылда Ата Заңымызға құрмет көрсетілді.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ,  Бесқарағай ЖОББ мектебінің,оқу істері меңгерушісі, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 753 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: