22:54
Көркем сөздің құдіреті

САМАРҚАУ

1. Жай, баяу, марғау, мимырт;

2. Көңілсіз, немқұрайды, сүле, керенау

 

Шалғынды бір беткейде, самарқау жел сусылдап есе түскенде, мұрын жарғандай боп, жас бүлдірген иісі аңқиды.

(М.Әуезов, Абай жолы: 3 том)

 

Доктор Ехластың сөзін Хакім самарқау тыңдады.

(X.Есенжанов, Ақ Жайық)

 

Жүрегім менің - жанартау,

Жалын боп шығар от-демім.

Келем деп қамсыз, самарқау,

Өртеніп, қалқам, кетпегін.

(М.Мақатаев, Жүрегім менің – жанартау)

 

Бақыттың мінез-құлқы ерте есейген-ау, дүниенің бәріне самарқау, салқын қарайды.

(О.Бөкей, Қамшыгер)

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының 2№ ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 150 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: