18:49
Футболдан әлем чемпионаттарының тарихы

УРУГВАЙ – 1930

Статистиканы сөйлеткенде

Ақтық дода:

13-30 шілде 1930 ж. Монтевидео қаласы, Уругвай

Қатысушылар саны:

13

Ойындар жүйесі:

командалар төрт топқа бөлінді, әр топтың жеңімпаздары жартылай финалға шығады, арықарай олимпиада жүйесі

Өткізілді:

18 кездесу, оларды 434 000 көрермен тамашалады, бір ойынаға орта есеппен 24 111 адамнан келді

Соғылды:

70 гол (орта есеппен 3,89)

 

Открытие первого чемпионата мираУругвайда өткен  бірінші әлем біріншілігіне қатысушылар саны «сәтсіз» деп саналатын 13 болғанына қарамастан, тұғыш мундиаль жарыстары сәтті сабақталған екен. Дода 13 шілдеде басталды. Ал Уругвай-Аргентина ақтық ойыны аталмыш чемпионаттың нағыз қызығына айналды. Қатысушылардың саны тақ болғанынан топтардағы құрамалардың саны түрліше түзілді. Тек топ жеңімпаздары ғана чемпиондық титулға таласуға мүмкіндік сақтады. 
Егер заманауи әлем чемпионаттарында Еуропа құрлығынан қатысушылар саны басымдық танытып келсе, 1930 жылғы жарыста қатысушылардың үштен екі бөлігін Жаңа құрлық, яғни Америка құрлығы, елдерінен құрамдалды. Бұндай жағдай әуелден экономикалық себептермен түсіндірілді. Еуропадан тек төрт құрама команда ғана трансатлантикалық саяхатқа сапар шекті. Француздар, бельгиялықтар һәм румындар шығындарды қысқарту мақсатымен үшеуіне бір для Conte Verde лайнерімен барса, югославтар өз кезегінде Жюль Римэ мен «Алтын Ника құдайы» Кубогімен қосақтасып Florida лайнерімен жеке мұхит асты.
Жарыстардың бірінші күні, 13 шілдеде, бір уақытта бірден екі кездесу – Франция-Мексика һәм Бельгия-АҚШ – өткізілді. Әлем чемпионаттарының тарихындағы тұңғыш голдың иегері болып француз Лосьен Лоран танылды.

Бұдан соңғы жуық уақытта Франция құрамасы айтарлықтай күрделі жағдайға тап болды: жарақатына байланысты қақпашы Тепо йындарды тоқтатуға мәжбүр болды. Ал ол кезде ойыншыны алмастыруға рұқсат жасалмағандықтан, Тепоның орнына қақпа күзетіне қорғаушы Шантрель тұрды.
Әйтсе де қатары бір ойыншыға кеміген, оған қоса ағыз қақпашысы жоқ француздар қарсыластарын 4:1 есебімен ойсырата ұтты.
Екінші жұптағы ойында американдықтардың күші 3:0 есебімен басым түсті. Сайып келгенде, жарыстардың бірінші күнінде еуропалықтар мен американдықтар бір-бір жеңіске қол жеткізіп, өзара 4 гол соғып тыңды. Ақиқат шындығы әділ болды.

Осымен алпыс жыл бойында әлем чемпионаттарындағы негізгі тартыс Еуроап мен Америка қатысушылары арасында өрбіп келеді. Жепімпаздар тұғырына да Кәрі және Жаңа құрлық құрама командалары иелік етуде.
Шындығында, Уругвайда ғой еуропалықтар өз қарсыластарынан сан жағынан ғана емес, ойынның сапасы өлшемімен де кемшін түсті. Төрт топтан жеңімпаздар болып шыққан құрамалар ішінде Еуропа намысын тек югославтар ғана қорғауға жарады. Дегенмен жартылай финалда оларды чемпионат иегерлері Уругвай құрамасы 6:1 есебімен күл-талқанын шығарды. Дәл осындай ірі есеппен АҚШ құрамасы аргентиндіктерге жол берді.
Сонымен, ақтық сында Оңтүстік Американың мықты һәм әлем чемпионатының үздік құрама командалары текетіресті. Ойынға деген, ойын алдындағы қызығушылық айырықша болды. Аргентина уругвайлық жағалауларға пәленмыңдық жанкүйерлер «десантын» ақтық ойынның болар алдында Монтевидеоға жеткізді. Оңтүстік америкалық жанкүйерлердің қызбалығын қаперге алған жарыс ұйымдастырушыларына қауіпсіздік шараларын мейілінше күшейтуге тура келді.
Трибуналарда жақсы жарақ-жасақталған полицияларды және әскери бөлімдер сарбаздарын орналастыру үшін тіпті 10 мың билет сатудан бас тартуға бел байлады. Стадионға кіре берісте жанкүйерлерден «суық» және «отты» қарудың барлық түрі тартып алынды.
Бірінші таймнан соң 1:2 есебімен ұтылып жатқан уругвайлықтар, үзілістен кейін ойын тізгінін өз қолдарына мықтап алды. Бұған айтарлықтай үлес қосқандардың бірі ретінде шабуылшы Эктор Кастроны ерекшелеуге тұрарлық. Оның алаң ортасымен бас айналдырарлық айласы һәм өкшесімен жасаған пасынан соң есеп теңескен еді. Кездесудің қорытынысын соңғы минөтте Кастроның өзі түйіндеді. Қарсыластардың барлық дерлік қорғанысын алдып өткен ол күшті соққымен ойын сферасын, яғни допты, қақпада тулатып, есеп көрсеткішін 4:2-ге жеткізді. Кастро финалға қатысқандардың ішінде өрнекті ойынымен ғана көзге түскен жоқ, оның үстіне Эктордың бір қолы жоқ еді. Әлем біріншіліктерінің ақтық ойындарында бір қолсыз қатысқан жалғыз футболшы болып тарихта қалды.
Қызықты кездесу аяқталысымен ФИФА президенті Жюль Римэ алаңға шығып, көрермендердің ұдай овациялық қошеметімен тұңғыш әлем Кубогін жеңімпазд уругвайлық құраманың капитаны Хосе Назаццидің қолына табыстады.
Уругвайда алаулаған-жалаулаған думан болды. Буэнос-Айрестегі көңіл-күй бұған қарама-қайшы еді. Аргентиналық жанкүйерлер уругвайлық елшілікті баса-көктеп қоршаудан басқа амалдар таба алмады. Бұл қарсылықтың ақыр соңы полициямен қақтығысқа ұласып, қан төгілді... Мемлекеттердің футбол федерациялары арасндағы іскерлік қарым-қатынастар үзілді. Міне осындай сипаттағы келеңсіз жағдаяттар бірінші әлем чемпионатынан соң орын алған болатын.
Қуаныш пен шаттыққа толы көңіл күй уругвайлық құрама футболшылары һәм олардың сан мыңдаған жанкүйерлерінде ғана болған жоқ, сонымен бірге айтулы доданы ұйымдастырушыларда да болды. Себебі сол – жалпы кіріс табысы 255107 доллар болды! Сол кездегі өлшеммен алғанда, бұл сома айтарлықтай мол еді. Асылында, футболдан әлем чемпионаттарын өткізу әрі қызықты, әрі табысты екен.

    

орыс тілінен еркін тәржімалаған

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 826 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: