17:32
Футболдан Еуропа біріншіліктерінің тарихы

2008 ЖЫЛ ...

Кәрі құрлықтың он үшінші біріншілігінің ақтық жарыстары 7 – 29 маусым аралығында Австрияның Вена, Клагенфурт, Зальцбург, Инсбрук қалаларында һәм Швейцарияның Базель, Берн, Женева, Цюрих қалаларында өткізілді. Оған бас-аяғы сон алты құрама команда қатысты. Төрт командадан төрт топ, әр топтан озып шыққан екі команда ширек финалға шығады, одан кейін олимпиялық жүйемен түзілді. Австрия және Швейцария алаңдарында өткізілген отыз бір кездесуді 1140902 жанкүйер тамашалады. Жиыны 77 доп қақпа торында тулады.

 Еуропа біріншілігінің осынау жеңісін Испания құрама командасының жанкүйерлері 44 жыл зарыға күтті. Қол жеткізбес арман Еуро – 2008-де жүзеге асты. Кәсіпқой бапкер Луис Арагонес жаттықтырған шәкірттері ақытқ жарыстарды керемет үлгіде өткізіп, ақтық ойында Германия құрамасын қажырлы еңбекпен ұтты. Көптен күткен жеңіске қол жеткізген жалғыз голды  33-минутта хавбек Хавидің пасынан соң неміс қорғаушысы Филипп Ламды алдап өтіп, неміс қақпашысы Йенс Леманнан допты асыра соққан испан шабуылшысы Фернандо Торрес қақпа торында тулатты.

Испания құрамасының жартылай қорғаушылары Андрес Иньеста мен Хави Эрнандес алаңның ортасында жасындай жарқраса, шабуыл шебінде Давид Вилья мен Фернандо Торрес екеулеп басты рөл атқарды. Арагонес шәкірттері алдымен Ресей құрамасын 4:1 есебімен ойсырата ұтты. Сол ойында Вилья хет-трик жасап, кейін жарыстардың ең мықты сұрмергені атанды. Ал топтық кезеңнің екінші және үшінші ойындарында 2:1 есебімен Швеция және Грекия құрамаларын тізе бүктірді. Ширек финалда он бір метрлік айып добы соққысы сериясында Италия құрамасынан айласын асырды.

Нидерланды құрама командасы да біріншілік барысында тамаша ойнады: бастапқыда голландықтар 3:0 есебімен мықты саналған Италия құрамасын тізе бүктірді, одан соң азуы алты қарыс Франция құрамасын 4:1 есебімен күл-талқан етті. Дегенмен ширек финалда Нидерланды құрамасы өз жерлестері Гус Хиддинк жаттықтырған Ресей құрамасынан ұтылып қалды. Бұл кездесуде ресейлік ойыншы Андрей аршавиннің жұлдызы жанды. Ал Ресей жартылай финалда Испания құрамасымен Вена қаласында өткен ойында 0.3 есебімен тағы ұтылды. Осылайша Пиреней түбегінен келген команда ақтық ойында ойнайтынын атғы бір мәрте артығымен дәлелдеді.

Біріншілік қожайындары – Швейцария мен Австрия топтық кезеңнен әрі аса алмады. Ал олардың көршілері Германия құрамасы өздерін үйде жүргендей жеңіл сезінді. Йоахим Лев шәкірттері алдымен Польша құрамасын 2:0 есебімен жеңді, кейіндеу Хорватия құрамасынан жеңіліп қалды, ал үшінші ойында Австрияны 1:0 есебімен жеңіп, плей-офф кезеңіне шықты. Ширек финалды Португалия құрамасымен кездесті. Ойынның 26-минутына дейін 2:0 есебімен алда келе жатқан немістер ойын тізгінін қолдарынабосатып алды. Сонда да 3:2 есебімен әрең жеңіске жетті. Түркия құрамасымен өткен жартылай финалды кездесу де Германия үшін жеңіл тимеді. Тек финалдық ысқырық міне-міне соғылады-ау деген кезде ғана қорғаушы Филипп Лам гол соғып, ақтық кездесуге жолдаманы қалтаға басты.

Фатих Терим шеберлікпен жаттықтырған Түркия құрама командасының ойындарын атап өтпеске болмас. Жеңіске деген құштарлығы арқасында түріктер Швейцария, Чехия, Хорватия сияқты мықты құрама командаларды жеңіп, құрлық біріншілігінің жартылай финалына дейін қол жеткізді.  

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 669 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: